ВЕРНУТЬСЯ

    Зеңбірекші Тыңдыбаевқа
Қорықпа сен, алақанмен
Ақ жүзіңді тасалама!
Блиндаждың төріне
оз,
Неге тұрсың
босағада!
Жау минасы жатыр ұлып,
Блиндажым берік бірақ.
Ормандарды жапқан
жалын,
Отырсың ғой көріп
шырақ.
Тағы да оқ!
Бұл арада өмір,
өлім қатар, ие!..
Оққа оқпен жауап
қайтар,
Ей, ержүрек
батарея!..
Жас артистка, үрейленбе!
Бұл
атылған біздің оқтар.
Зауал болып жау
үстіне
Жауа берсін қызыл
шоқтар!
Мөлдір тұнық
қарашықты
Кірпігіңмен
тасалама.
Жанарыңнан өзім өскен
Көрінгендей шалқар дала.
Сенің албырт жүрегіңнен
Ел дабылын тұрмын
тыңдап.
Білем, білем,
жеңісіміздің
Қанжарын ол жатыр
шыңдап.
Қарындасым, туған елдің
Жеткіздің от сағынышын.
Оқ астында
жүрміз, Отан,
Сенің бақыт таңың
үшін!
Сағынады солдат аңсап,
Туған жерін, өскен қырын.
Тыңдағам жоқ
көптен бері
Абай әнін, қазақ
жырын.
Өз аузыңнан орындашы,
Біржан салдың
асқақ әнін,
Не, «Сырымбет»
бұлағына
Сусынымды қандыр жаным!
Бұл, не күркір? Мина, мина!
Шошынба сен, ие, күнім!
Ей, қайда біздің
батарея,
Жау оғының өшір
үнін!
Күркіреді зеңбіректер,
Тағы да бір теңселді жер.
Омырылды жау стволы,
Актриса, ал, шырқай бер!
«Аулым қонған»...
Бәлі, шіркін!
Ән, майданға
келіпсің қош,
Тыңда солдат,
шипалы әнге
Жүректегі жараңды
тос!
Самға, самға, сағынышты ән,
Бойға жігер отын жақтың.
Сен бізді елдің сәлемімен
Қарлы окоптан іздеп таптың!
Жас артистка, блиндажға
Әнмен бірге күле кірген. Рақмет.
Елге сәлем жеткіз.
Таза
солдат жүрегінен.
Ворошиловград, 1943-1955