ВЕРНУТЬСЯ

    Жас алма ағаш
бұтағында, 
Сайрайды ұзақ жалғыз бұлбұл.
Бал бөбегі
құшағында
Жас келіншек
тыңдайды жыр.
Алма ағашы желпіп гүлін,
Тербеледі баяу
ғана,
Көкрегіне қысып
ұлын,
Күрсінеді аяулы
ана.
Бір нүктеде
қарашығың,
Тереңнен тек
деміңді алып,
Айтшы маған
қарашығым,
Неге бұлай тұрсың
налып?
Келіншектің кірпігінен
Мөлт еткен бір
көрдім жасты,
Аға... Ол жоқ. Күрсіндім мен,
Үнсіз ғана идім басты:
Аяулым ед менің ол бір.
Өз көзімнің
қарасындай,
Жоқ, өлмейді ол,
жасайды өмір,
Мынау алма
ағашындай.
Жас келіншек, жасың төкпе,
Берік бол тек сұрағаным.
Бұл қасірет ортақ
көпке,
Пайда емес құр
жылағаның.
Келші бері, балғын бөбек,
Кірші менің,
құшағыма,
Өсірейін сені
бөлеп
Өлеңімнің құшағына!..
Москва, 1943