ВЕРНУТЬСЯ

   Кеше ғана жау қолында 
Оқ боранын төктің
маған,
Аласұрып өңешінен
Ажал құстың жалындаған.
Өшірмекші болдың менің
Өмірімнің шырағданын.
Төкпек болдың
жүрегімнің
Нарттай қызыл
ыстық қанын.
Тәтті өмір
тартысында
Әруағым болды
басым,
Қанға құмар
қожаңның мен
Иығынан үздім
басын.
Қазір үлкен алақанның
Жатырсың сен аясында.
Айналдырсам болар
еді
Жүк атының
тағасына.
Яссы, 1944