ВЕРНУТЬСЯ

1.
Байқампаз  едің 
ғой  сен,  ханым, 
бұрын,
Жазамын 
көңілдегі  барын  бүгін.
Сөзімді 
жаттамай-ақ,
түзде 
жалғыз
Бел 
асқан  жолаушыдай  жанымды 
ұғын.
Сосын 
да  жанарыңдай  күлімдеген
Естисің 
жайдары  сөз  бүгін 
менен.
Естисің 
көп  сырымды  бетіңе 
тік
Қарамай,
жүрегімде  дірілдеген.
2.
Сәт 
еді  өзгелерге  байқалмаған,
Қисаң 
сен,  сол  күнімді 
қайтар  маған!
Бір 
сөзді  жанарымнан  жаттап 
едің
Ғұлама 
қызыл  тілмен  айта 
алмаған.
Жөн 
істі  біз  жүрмесек 
әбес  біліп,
Кетпейді  оның, 
сірә,  мәні  ескіріп.
Айнытпай  түсінемін 
ойыңды  мен
«Тұр, - десең, - сол  дауысың 
әлі  естіліп!»
3.
Қайтып 
бір  жұмыстан  ба, 
қыдырып  па,
Қалғанмын  мінезіңнің 
сырын  ұқпай.
Мен 
саған  сыйлап  ем 
ғой  Алматының
Алқызыл 
бір  алмасын  жұдырықтай.
Басқа 
сый  күткен,  сірә, 
кісің  бе  едім?
Білмеймін,  ағат 
па  әлде  ісім 
менің.
Әйтеуір 
маңдайымнан  сипап  тұрып,
Неге 
ұзақ  күлгеніңді  түсінбедім.
4.
Қиялым 
жүйрік  барлық  қанаттыдан,
Озбайды 
одан  небір  санат 
қыран.
Басым 
бос,
бірақ 
көкжал  жүрегім  бір
Құтылып 
көрген  емес  абақтыдан.
Қайтарып  өзіне 
сол  еркін  бүгін,
Қолына 
ұстасаң  да  жер 
кіндігін,
Абақты 
күзетінде  сен  тұрғанда
Ол 
жүрек  аңсамайды  еркіндігін.
5.
Бел 
астым,
қала 
шарлап,
қырға 
бардым...
Қадірі 
өтті  өзіңнен  бір 
хабардың.
Бірі 
де  сенен  сәлем 
әкелмеді
Топтасып  ұшқан 
күзде  тырналардың.
Білсең-ау,  ақ 
бораны  кәрі  қыстың
Соқса 
да,
түнектерді  жарып 
ұшқын,
Маңдайы 
тершіп,
жүзі 
бал-бұл  жанып
Жүреді 
саған  деген  сағыныштың.
6.
Тоқтамды  бір 
шешімге  қиын  келіп,
Тұрғансың  табиғаттың 
сыйын  көріп.
Күрсінген  сенің 
сонда  бір  сәтіңнен
Кеткен-ді  көңілімді 
құйын  көміп.
Белгісіз,  жетпеді 
ме  жігер-демім,
Себебін 
қазір  соның  білер 
ме  едім!
Қалған 
бар  өмірімді  сол 
бір  сәтке
Неге 
мен  ауыстырып  жібермедім?
7.
Егер 
сен  дәл  өзіңдей 
мені  білсең,
Егер 
мен  дәл  өзімдей 
сені  білсем,
Тірлікте  бірін-бірі 
күте  алатын
Екеуміз -
мені 
мен  сен.
Егер 
сен  дәл  өзіңдей 
мені  білсең,
Егер 
мен  дәл  өзімдей 
сені  білсем,
Жұмақты 
біз  аңсаған  іздеп 
табар
Екеуміз -
мені 
мен  сен.