ВЕРНУТЬСЯ

        Жарқын жүзбен жайраңдап,

Жатырсың ағып, Жайығым,

Жағаңда ойнап, сайрандап,

Ескенмін заман қайығын.

Сырғып аққан сынаптай

Сабырлы өзен, салқын су.

Толқыныңды құшақтай

Келіп қонды бір аққу.

Қанаттанып жағаңда,

Еді-ау бір кез ол ұшқан.

Сол бір аққу
мен едім,

Келіп тұрмын
алыстан.

Есіңде ме, Жайығым,

Қалмадың ба жатырқап?

Жамылып кеш сағымын,

Келмеуші ме ем ән шырқап...

Ойын-күлкі, әзілмен

Бойыңда өткен талай күн...

Жайық, саған қазір де

Риза бола қараймын.