ВЕРНУТЬСЯ

Соққан сайын жел үдеп екіленді,Тағдырынан, білмедім, не тіледі?Уіліне, әйтеуір, құлақ түрсем,Ол біртүрлі сыңсыған секілденді.Желдің-дағы өзіндік сыры бар ма,Сыры бар ма, беймәлім мұңы бар ма?Уілдейді күні-түн жағы сембей,Бұ жұмбақты тірі жан ұғынар ма?О, ағайын, сөзіме нанасыз ба,Жел ұқсайды бейне бір панасызға.Алабұртып қашанда көңіл-күйі,Бола бермес ләйім мазасы да.Байқалады сыңайы жабыққандай,Жабыққандай, құлазып зарыққандай.Бір қарасаң жел-дағы ақын сынды-Алай-дүлей боп жүрген шабыт қонбай...

Автор: