ВЕРНУТЬСЯ

Желтоқсанның шарасында,Тұнып тұрды қара шық.Адамдардың арасында,Көшелер жүрді адасып. Үмітімді таңдарым да,Тастағанмен аз-ақ қып.Бағдаршамның бағдарында,Жанып тұрды Азаттық. Талайларды құлы қылып,Талайларды торға алған,Балғасымен ұрып-ұрып,Орағымен орып алған, Қызыл жалау қыдырыстап,жүретұғын Алаңда,Ұлы арманын ығына ұстап,Дауыл жүрді соғарға.Соқты дауыл. Дүбір кетті.Ұран болып ұшқан үн.Желтоқсанды дірілдетті,«Менің Қазақстаным»! Жер-дүние – қалш-қалш,келе жатты жан үптер,қара түнді қарш-қаршшайнап жеген танктер. Келе жатты екінді еніп:шыға келді көміп тер,қызыл жалау секілденіп,өрт сөндіргіш көліктер. Жігер едік лапылдаған,жан-жағына шоқ тарап.Сөндірмекке атылды оған,Қара судан оқ борап.Шынында да өрт едік біз,Жалындаған от-кегі.Бабалардың серті едік біз,Серті едік біз өйткені. Оқ тиіп, қан жосылған соң,Қала алмады ой қалғып.Өрт пенен су қосылған соң,Цунамиге айналдық. Бар жігерін құйды уысына,Қайрат, Ләззат – балаң ер –Антиқазақ вирусына,Қарсы шапқан қарагер. Қуат беріп жан арманым,Алаңға үміт жүз келді.Қара халық – қара орманым,Қолдап тұрды біздерді.Әнімізді жалғап кекті,Қосылды енді басқа да үн.Екпініміз шарлап кетті,Күллі Кеңес аспанын. Келіп тұрды баптауына,Ұлы күрес жалаулай.Балтық пенен Қап тауы да,Атқа қонды алаулай. Қуатты енді содан күттім,Көрсетіп жол жүлгесін.Жетпіс жылдық бодандықтың,Шайқап бердік іргесін. Білмей келген жасқанбақты,Бодандықтың сұр әні.Жұлдызы еді – бес тармақты,Бес жылдан соң құлады. Жиырма жылда тұнып шықты ән,Кетті елім көшелі.Біздің ұрпақ бұзып шыққан,Ұлы қамал осы еді.