ВЕРНУТЬСЯ

Кенеттен бәрі астаң да кестең сабылды,Ой-орман шулап, түтiп тастады бабымды.Сөйлем жүр анау үтiрiн iздеп, адасып,Жоғалған аспан өлең iшiнен табылды. Дауыл тұрғандай мидағы тыныш гүл-бақта,Үрке бiр қарап үстi-үстi келген ырғаққа,Шимай да шимай қағазға түскен хаостан,Дәптердiң бетi көшiп жатқандай бiр жаққа. Асығыс бәрi – ұйқас та, ой да асығыс,Ақ қалам қазiр – әулие сынды жасын-ұш.Ішкі дауылмен жапырып келе жататын,Шабыт шіркіннің арты – жаз,Бірақ…басы – қыс. Жетiп бiр келiп қияды-ау бәрiн таң-қайшы,Моншақ та моншақ тер үзiп жатқан маңдай шы?Сан ғасыр өттi, отырмын әлi үстелде,ұмыттым мүлдем – қағазы қайсы, мен қайсы?Шумақтар! Шумақ!Кідірме тағы алға атта!Біріңді бірің жетелей жүгір!Ал, қапта!Әні, ана-а-ау буын заулап барады,өзі өзін,Ұйқастың соңғы ырғағына әкеп жармаққа. Заулап барады…соңғы дем, бәлкім, ақырғы үн,Дәл осы сәтте бәрінен-дағы батылмын.Ақ түтек шабыт ішінде,Өртеніп келе жатырмын. Жыр туды міне!!!Табаным жерге тиді енді,Көңілім көктен оралып, шаршап, үйге енді.Шабыттың ғажап астаң-кестеңі тиылып,Шертіп отырмын «пенделік» деген күйді енді.             * * *Атқа мiнген жаманға,Алтын басты игiздiк.Сүйегi сынық қоғамға,Бүтiн көйлек кигiздiк. Дiнiң кеттi дегенше,Дiңiң кеттi десеңшi.Шеттiң тiлiн шайнап жегенше,Қу даладан көсiк терiп жесемшi. Сары құмнан сауыт киген далама,орман ексе – бола ма?Сары сауытын шешiп ап,торқа жапса – тоңа ма? Күмiлжiдi қырсыздық,Айқай салды үнсiздiк.Бостандыққа барар жол –мың түзеттiк, мың сыздық.Бекем бел буған түздердiң,үмiтi талай жоғалған.Бақыттан дәме үзген кiм?Шашыңды жина, қара орман! Жанған отты жалғастыр,Надандықты жайпап түсер өртiңдей.Тiрiл қайта, алмас тiл,сексеуiлдiң сертiндей. Көңiл дейтiн асылға,Күш берер ем таба алмай,Жиырма бiрiншi ғасырға,Кешiгiп қалған адамдай. Асығып келе жатырмыз,Ындыны кепкен ымыртта.Қырық сынық тақыр – бiз,Сағың неден сынғанын ұмытпа. Бостандық деген боз үй түр,Қырықтан қыдыр құрар деп.тiлiң мен дiнiң –мойныңа таққан тұмар деп.Сол екеуi сау болса,Сынықтан бүтiн өсiп шығар деп.