Ақ Жайықта «Алтын жүрек домбыра» сөйледі

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Алтын жүрек домбыра» атты күй кешінде Жаңақала ауданының домбырашылары өнер көрсетті.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған бұл кештің ерекшелігі сол, онда негізінен қазақтың төл аспабы - домбыраны сөйлеткен күйшілер сахнаға шықты.

БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың атап өткеніндей, кезінде Әбіш Кекілбаев Батыс Қазақстанды қазақ өнерінің Венасы деп бағалаған болатын.  Вена қаласын мекендеген Гайдн, Шуман, Моцарт және басқа ұлы композиторлардың бәрі ер адамдар болса, Жайық өңірінде өзгешелеу. Мұнда Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Мәмен, Түркештермен қатар Дина, Ақбикеш, Айжан сынды дәулескер күйшілер де кең даланы ұлы сазға бөлеп өтті. Соның ішінде Құрманғазы мен Динадан бастап Охап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Тұяқберді Шәмеловке дейін талай талант түлеп ұшқан Жаңақаланың күй астанасы деп аталуы да тегін емес. Оған осы кеш те дәлел бола алады.

Кеште Нұрым Сәлімов, Жағыпар Өтеқайыров, Наурыз Батыров, Бақытжамал Қазиева, Жангелді Әбілхатин, Ибат Әлекешов, Төлеген Қайырғалиев, Ертай Ғұбайдуллин, Зарина Талапқалиева, Фатима Ғинаятова, Нұрлан Хамзин, Әсет Өтеғалиев, Болатбек Өтешқалиев, Әдемі Әбілова, Ақеділ Ұзақов секілді жаңақалалық күйшілер Құрманғазы, Дина, Сейтек, өзге де батыс өңірі композиторларының күйлерін орындады. Күй тартыс та әсерлі шықты.

Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді. 
домбыра

домбыра

домбыра

домбыра

домбыра

домбыра  

http://www.kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз