Батыс Қазақстанда алдағы күндері жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша Орал қаласы мен облыстың кей жерлерінде 24-26 сәуір күндері солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. Өңірде тұрғындар арасында төтенше жағдайдың алдын алу, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.

Облыста су тасқыны жөнінен жағдай қалыпты. Жайық өзені деңгейі Январцев, Тайпақ, Сарыөзен Қошанкөл ауылы тұсында сәл-пәл көтерілгенімен, жалпы тасқынның беті қайтты.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз