Батысқазақстандық спортшы әлем кубогының жүлдегері атанды

Перудің Лима қаласында өткен қоян-қолтық күрестен әлем кубогы үшін жарыста БҚО ішкі істер департаментінің қызметкері Темірлан Ихсанғалиев жүлдегер атанды.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа әлемнің көптеген ерлерінен ең таңдаулы спортшылар қатысып, бақ сынады. Темірлан 75 келі салмақта үшінші орынды иеленді.

Т.Ихсанғалиев қоян-қолтық ұрыс және әскери самбодан бұдан бұрын да талай додада топ жарған болатын. 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз