Мереке мектебіндегі «Әнші балапан»
Тасқала ауданы Мереке мектебінде «Әнші балапан-2014» байқауы өтті. Үміткерлер вокал, би және көркем сөз оқудан бақ сынады.
Балғындардың өнеріне аудандық саз мектебінің директоры Ермақ Молдабеков пен аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Тимур Тапалов қазылық жасады.
Шараны 10 сыныпта оқитын Анаргүл Меңдіғалиева апаларымен бірге 4 сынып оқушылары Әлімжан Байтуқов пен Арсен Кұспановтар балдай тәтті тілдерімен шебер жүргізді.
Байқау қорытындысында «вокал» жанры бойынша бас жүлдені халық әні «Әриайдайды» нақышына келтіре орындаған 4 сынып оқушысы Айдана Қайырғалиева, «би» жанрынан көрерменді бірден баурап алған 1 сынып оқушылары «Қояндар» биімен жеңіске жетті, ал «көркемсөз» жанры бойынша 3 сынып оқушысы Мағазов Жәңгірхан жеңімпаз атанды.
Барлық жеңімпаздарға сыйлықтар мен мадақтама қағаздары табысталды.
- 190 reads
Жаңа пікірді жазу