МКҚК «Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж»

Основная информация
Мекенжайы: 
г. Уральск, пр. Достык-Дружба, д. 173
Телефон: 
8 (7112) 51-06-81(приемная), 51-11-99, 50-53-65, 50-95-64

Мемлекеттік лицензия АБ №0036467

Колледж директоры – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы

Құрметті талапкер!

Егер Сіз сапалы білім алғыңыз,
кәсіби құзыретті маман атанғыңыз  келсе,
100 жылдық тарихы бар
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін таңдаңыз!

Ұранымыз: 

«Құзыретті маманға бағытталған сапалы білім»

КОЛЛЕДЖ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

  • «Жыл колледжі» республикалық байқауы, ІІІ орын, 2000 жыл.
  • «Ең үздік әдістемелік қызмет» республикалық байқауы, Гран-При, 2008 жыл.
  • «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздігі» республикалық байқауы, ІІІ орын, 2009 жыл.

Біздің артықшылықтарымыз:

  • ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін  рухани-адамгершілік, денсаулық сақтау орталары жұмыс жасайды;
  • кәсіби құзыретті мамандар даярлайтын  ақпараттық-оқыту ортасы толық жасақталған;
  • АКТ жағдайында болашақ мұғалімдердің әдістемелік жұмысқа әзірлігі ғылыми түрде дәлелденген,оқу үрдісіне арнайы пәндер бойынша электрондық-әдістемелік жүйе, электрондық оқулықтар жасақталып, енгізілді;
  • үш тұғырлы тіл  саясатын енгізу үшін  English Discoveries Online/Offline мультимедиялық жоба енгізілді;
  • отандық және шетелдік серіктестермен Самара қаласының «Профессионал» білім беру ұйымдарының коммерциялық емес серіктестігімен, Халықтар достығы үйімен, Ресей мемлекеттік сауда-экономикалық университетінің Самара жоғары оқу орнына дейінгі институтымен, Самара педагогикалық колледжімен, Самара әлеуметтік-гуманитарлық колледжімен, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-мен,қала,аудан мектептері мен балалар бақшаларымен тығыз қарым-қатынас орнатылған;

БІЗДІҢ МАМАНДЫҚТАРЫМЫЗ:

КЕЛІСІМ–ШАРТ  НЕГІЗІНДЕ 11 класс базасында оқуға қабылданады.

1. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту»:

  • 0101013 Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі – биология;
  • 0101023 Тәрбиеші – ана /патронатты тәрбиеші/ - биология

2. 0102000 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру»:

  • 0102043 Білім беру ұйымының бастауышы – биология;

3. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»:

  • 0103013 Дене тәрбиесі, суда жүзу инструкторы – шығармашылық емтихан;
  • 0103023 Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі – шығармашылық емтихан;
  • 0103033 Спорт жаттықтырушы – оқытушы – шығармашылық емтихан;

4. 0104000 «Кәсіптік білім беру»:

  • 010401 3 Өнеркәсіптік оқыту шебері, техник – математика;

5. 0105000 «Бастауыш білім беру»:

  • 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі – математика;
  • 0105023 Бастауыш білім берудің информатика мұғалімі – математика;
  • 0105033 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі   - ағылшын тілі;
  • 0105053 Өзін-өзі тану мұғалімі – биология;

6. 0106000 «Бейнелеу өнері және сызу» - шығармашылық емтихан;

7. 0107000 «Технология» - шығармашылық емтихан;

8. 0108000 «Музыкалық білім беру» - шығармашылық емтихан;

9. 0111000 «Негізгі орта білім»:

  • 0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – қазақ әдебиеті;
  • 0111023 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – орыс әдебиеті;
  • 0111053 Өзін–өзі тану мұғалімі – биология;
  • 0111063 Математика мұғалімі – математика;
  •  0111073 Физика мұғалімі – физика;
  • 0111083 Шетел тілі мұғалімі – ағылшын тілі;
  • 0111093 Информатика мұғалімі – математика;

10.0511000 «Туризм»:

  • 0511004 Менеджер  – география;

11. 0515000  Менеджмент:

  • 0515013 Менеджер – математика;

12. 1305000 Ақпараттық жүйелер:

  • 130502 3 Техник программист – математика;
  • 130503 3  Техник – математика.

2013-2014 оқу жылына бөлінген мемлекеттік грант:

9 класс негізінде

Қазақ тілінде:

  • 0105013 Бастауыш білім берудің мұғалімі - математика;
  • 0107013 Технология  пәнінің мұғалімі - шығармашылық емтихан;
  • 0111063 Математика мұғалімі - математика;
  • 0111073 Физика  мұғалімі - физика
  • 1305023  Техник-бағдарламашы-математика

Орыс тілінде:

  • 111083 «Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі» - ағылшын тілі.

ОҚУ МЕРЗІМІ:

     Күндізгі оқу бөлім: 9 класс негізінде – 3 жыл 10 ай;

                                    11 класс негізінде – 2 жыл 10 ай.

     Сырттай оқу бөлім: 11 класс негізінде – 2 жыл 10 ай;

                                         жеделдетілген оқу -1 жыл 10 ай.

Қабылдау емтихандары кешенді тестілеу мен
шығармашылық емтихан түрінде өткізіледі.
Ағымдағы және өткен жылдардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге  қатыспаған  түлектер педагогикалық колледжде өтетін кешенді тестілеуге қатысады.

Оқуға өтініш қабылдау

  күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан 20 тамызға дейін,

  сырттай оқу бөліміне – 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Қабылдау емтихандары:

күндізгі оқу бөліміне 1 тамыздан 25 тамызға дейін;

сырттай оқу бөліміне 1 тамыздан  25 қыркүйекке  дейін.

Азаматтарды педагогикалық колледждің оқушылары қатарына
қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі:

күндізгі  оқу бөліміне 25 тамыздан 30 тамызға дейін;

сырттай оқу бөліміне 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін.

 

ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  • білімі туралы  құжат (түпнұсқа);
  • №086-У, 063 нысанындағы медициналық анықтама флюрография суретімен
    (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер  үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы);
  • 3х4 мөлшерлі 4 фотосуреті;
  • ҰБТ сертификаты; 
  • жеке төлқұжаты, паспорт немесе тууы туралы куәлік (оны ауыстырушы құжат),
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (сырттай оқу бөліміне жұмыс істейтіндер үшін);
  • оқу орнынан мінездеме (күндізгі оқу бөлімі үшін).
Дополнительные фотографии: 

Пікірлер

Сырттай оқу ақылы ма ?

Мен колледж бітірдім мұғалімдік, физика мұғалімі болу үшін қанша жыл оқимын және оқу ақысы қанша болады

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз