Батыс Қазақстанда қора-қопсы мен пішен өртеніп кетті
Батыс Қазақстан облысында қора-қопсы мен пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 17.01-де Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округі Қоржын ауылында орын алды. Д.Нұрпейісова көшесі №2 мекенжайында 210 шаршы метр шаруашылық құрылысы отқа оранып, 10 тонна пішен жанып кеткен. Өртті сөндіруге 4 адам, 1 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 23.05-те ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сауда үйінің маңында көлік жанып кеткенін жазған болатынбыз.
Жаңа пікірді жазу