«Москвич» зауыты ірі торапты әдіспен көлік құрастырады

Мәскеу билігі кәсіпорын көлік өндірісін жыл аяқталғанша бастайтынын мәлімдеді.

Қазір «Москвич» деп аталатын бұрынғы «Renault Россия» зауыты ірі торапты әдіспен машина жасауға қызу дайындалып жатыр. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ТАСС хабарлады. Мұны жергілікті көлік департаментінің басшысы Максим Ликсутов та растады.

Шенділер мен «Москвич» өкілдері жарияға жар салғанмен, әлі күнге дейін мұнда қандай машина шығаратыны белгісіз. Біраз уақыт бұрын алғашқы модель JAC болады деген сыбыс тарап еді, компания оны жоққа шығарды. Бірақ тамызда жоба серіктесі саналатын КАМАЗ аумағында JAC Sehol E40X электромобилі көзге түскен.

 

https://kolesa.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз