Жалпақталда өткен Президент күні
Табыстың тайқазанын толтырған тәуелсіз еліміз Тұңғыш Президент күнін ерекше тойлады. Ел мен Елбасын егіз көрген халқымыздың бұл мерекесі бүгініміздің арайлы, болашағымыздың баянды екенін тағы бір паш етті. Әлем көз тіккен әдемі күнгі шаралар легінің қатары Жалпақтал ауылын да шаттыққа бөледі.
Жалпақтал Мәдениет үйінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара оздырылды. Бұл шараға мекеме-кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шаралар Елбасыға деген халықтың зор құрметі мен сүйіспеншілігінің айғағындай болды.
Мәдениет үйінде ауыл әкімі Данияр Қайратов ҚР Тұңғыш Президенті күнімен жұртшылықты құттықтап, әрбір отбасына амандық, бақуатты тұрмыс тіледі. Нұрсұлтан Әбішұлының өмірінің әр кезеңінен таңдап алынған фотосуреттер слаид түрінде көрсетілді.
Мұнан кейін Мәдениет үйінің өнерпаздарының әннен шашу шашып, Ақпәтер орта мектебінің «Еркем-ай» домбырашылар ансамблі қазақтың қара домбырасымен асқақ күйді күмбірлетті. Ал К.Меңдәлиев атындағы орта мектеп оқушыларының мың бұралған билері халық көңілінен шығып жатты.
- 125 reads
Жаңа пікірді жазу