АҚТӨБЕ

Облыстық газет алғашқыда «Кедей» (7.06.1924 ж.-тамыз 1930 ж.), одан кейінгі кезеңдерде «Алға» (тамыз 1930 ж.-13 наурыз 1932 ж.), «Социалистік жол» (13 наурыз 1932 ж. – 1 шілде 1962 ж.), «Батыс Қазақстан» (өлкелік) (1 шілде 1962 ж. – 6 ақпан 1965 ж.), «Коммунизм жолы» (6 ақпан 1965 ж. – 12 қазан 1990 ж.) деген атаумен шықты. Ал 1990 жылғы 12 қазаннан бері «Ақтөбе» деген атпен шығып келеді.

Газет аптасына екі рет – сейсенбі, бейсенбі күндері шығады.

Газетте кейінгі кезеңдердегі әр жылдарда редактор болып Құбаш Қожамұратов, Смағұл Мұқашев, Нұрқайыр Телеуов, Қуан Тектіғұлов, Идош Асқаров, Әмір Оралбай, Қасымжан Байсадақовтар қызмет істеді.