ВЕРНУТЬСЯ

(музыкалы драма)                     «Адай» күйінің 140 жылдығына арналады.       Уақиға 1872 жылдың күз, қыс мезгілінде өтеді. Басты кейіпкерлер Құрманғазы күйші, 54 жаста. Зор денелі, мол сақалды кісі.Қашаған ақын, 31 жаста. Сұңғақ бойлы, шоқша сақалды жігіт.Түрмедегі жас жігітБас сардарБірінші жасақЕкінші жасақҮшінші жасақӨкіл балаАйдана, күйші қыз, 17 жаста.Айдананың анасыТой басқарушыСақыпАуыл қызыБірінші шалЕкінші шалЕсқали сұпыЕсқали келініЕсқали немересіБІРІНШІ КӨРІНІС. Құрманғазы 1872 жылдың күз айы.Теке қаласының түрмесі. Түн. Тұман. Құрманғазы түрме терезісінен далаға қарап тұрады.Ұйқысынан оянып кеткен жас жігіт Құрманғазы қасына келеді. Түрмедегі жас жігіт:Құрманғазы аға, қайда қарап тұрсыз, сонша телміріп.  Мына көзге түрткісіз тұманда не көріп тұрсыз? Құрманғазы:Шырағам адам тек қана көзбен көрмейді. Адамның маңдайдағы көзінен басқа көкірек көзі деп аталатын көзі де  болады.Маңдайдағы көзбен  майңайыңды көре аласың.Әлемге көкірек көзімен қарасаң бәрі көрінеді, қосшы бала. Міне солай. Көзіңді жұм да, көкірек көзіңді аш. Не көрінер екен...Ал мен осы түнде сонау Алатау мен Сарыарқа арасындағы ен даланы  тағы бір аралап қайттым. Шықпаған төбем қалмады.Еділ менен Жайық арасын тінте түгендеп келдім. Бір тоғайын қалдырмадым.Ал Қаратау мен Маңғыстау арасын жортақтап өттім. Шетсіз-шексіз дала ғой, жеткізбес дедім.Солай қосшы бала. Сен ұйқыны соғып жатырғанда ағаң қазақ даласын көкірек көз арқасында бір түнде түгел шарлап шықты.Түрмедегі жас жігіт: (жігіт өзінше қуақылана)Шаршап қалған боларсыз. Не хабар бар екен о жақтарда?Құрманғазы:Еш хабар жоқ. Бәрі баяғыдай. Түк өзгермепті. Тіпті Еділдің  бақасы мен Жайықтың балығы да со күйінде. Алатаудың бұланы да, Сарарқаның құланы да сол күйі.Бәрінен өкініштісі қазақ байтағының қай түкпіріне барсаң да баяғы көнбіс қазақ. Көніп болған! Тіпті сөніп қалған ба дерсің!..«Ақ патшамыз» деп ардақтап сөйлейді.Бұлардың ендігі жауы өздерінің биі мен болысы болыпты!Құрманғазы әрі көңілді, әрі ызалы кейіпте сөйлеп кетеді.Балығы тайдай тулаған,Бақасы қойдай шулаған,Желден жүйрік құланы,Елден ерек ұланы,Асқақ-ау зеңгір таулары,Жұмақ қой бақша баулары,Дарқан ғой қазақ баласы,Шексіз-ау қазақ даласы...Төлдетіп малды сансыз мың,Той-думан тірлік қайнаған,Бал татыған бағыланныңЕзілтіп етін шайнаған,Бөлінбеген еншісі,Құда мен туыс айналаң...Қайтейін шіркін бұ күндеАрасы қазақ іріді.Болды да кемдеу бірлігіАқсады қазақ тірлігі.Айтқанын аға тыңдамасБұ күнде іні шаласы.Жақсылық күткен жауынанАңғал ғой қазақ баласы...Аңғал ғой қазақ баласы...Түрмедегі жас жігіт:Ылғи күңіреніп отыратын едіңіз өлең шығарып отырады екенсіз ғой, аға.Құрманғазы:Шырағым бұл өлең емес, бұл жылау. Жанға түскен жараның жан шыдатпас  жылауы. Халқың туралы ойлансаң болды, ескілердің естілігіне таң қаласың. Сондай кезде ойға батасың. Әлгі айтқан сөздерімнің көбі баяғы ескілердің сөзі. Біздің қазақ ұйқыға кеткен. Оянар емес. Сол баяғы қалпы! Түк өзгермеген!Керек еді, бір жаңалық! Біздің ел қай халықтың да көкесіндей халық еді.Ай, серпілуі қажет болатын! Жоғалтқанының бәрін жоқтамай-ақ қойсын, ең болмаса басындағын бостандығын жоқтамай ма? Түрмедегі жас жігіт:Сіздің күйлеріңіздің атой салып жататыны да сол екен ғой. Жан дүниеңіз алай-дүлей сапырылысып жатады екен ғой! Оны кім сезген?Аға айтыңызшы, күйші күйді қалай шығарады?Құрманғазы:Өнерлі адам өзін толғандырған нәрсе туралы ойланады.Кейде сол ойды сөзге айналдырады. Сосын жаңағыдай сөздер тізбегі пайда болады, ақырында солар бір күйге айналады. Менің күйлерім сөздерімнен гөрі бақыттырақ. Күй тартылады, сосын  жұрт үйреніп алып тартады, есінде қалады. Ал ауыздан сөз боп шықпай көбінің тағдыры көкіректе күңірене туып, ызамен аяқталатын менің сөздерім  елге естіртіп айтылмағасын ұмытылып қала береді. Күңіренген көкіректегі күйік сазға айналады да жатады.Түрмедегі жас жігіт:Сіз тек күйші емес, ақын да боларсыз.Құрманғазы:Бізде ақындық қасиет болса, ол бағы жанбаған ақындық  болар. қосшы бала... (ойлана, толғана тұрып)Өнердің  де, өнерлінің де бағы жанбайтын заман болды ғой, бұ заман!..Құрманғазы тың тыңдап біраз тұрады да, жігітке сынай қарап қалады.Құрманғазы:Ал қосшы бала! Бүгінгі түн көптен күткен  дәл біздің күніміз. Биылғы күз жетті. Даланы қалың тұман басып тұр. Тұман болғанда да нағыз бөрі жортар жорық түн! Терезе торын дайындап қойдым. Бір жұлқысам болды екеуміз бостандықта боламыз.Дайынбысың  мына қапастан құтылуға?Түрмедегі жас жігіт: (Қорқып кеткені байқалады)Ағатай-ай! Қашып қайда барамыз? Ұстап алады ғой!Құрманғазы:Інім о дегенің! Ел біздікі! Жер біздікі! Келімсек орысқа бізді ешкім ұстап бермейді.Көрмейсің бе, бүгін Жаратқанның өзі бізге жағдай жасап тұр. Көзге түртсе көрінбес тұманын түсіріпті. Бұл тұман үш-төрт күнсіз ашылмайды. Сонда олар бізді қалай ұстамақ?Түрмедегі жас жігіт:Бұл  өкіметтің құрығы ұзын. Түбінде бәрібір  тұзағына түсіреді.Жоқ, аға, мен қаша алмаймын. Мені жақын арада босатады.Құрманғазы:Мен мың күн түрмедегі тірліктен бір күн бостандықты артық санайтын жанмын. Нағыз бөрі қақпанға түскенде еркіндік үшін өз сіңірін өзі шайнап басына бостандық алатын!Тәуекел! Мен тәуекелге бел байладым!Түрмедегі жас жігіт:Ойбай-ау, қайда барсаңда бар билік солардың қолында. Құрығы ұзын. Қайда қашсаң да тұзағы дайын.Құрманғазы:Олардың мына өздері тұрғызған түрмесінде маған билігі жүрмеп еді! Ал енді өзімді жаратып, өзімді өсірген менің өз даламда қалай маған  билік жүргізбек!Қош бол, інім!Түрмедегі жас жігіт:Жолың болсын, аға! Қош!Құрманғазы терезенің темір торын жүлып алып жерге тастай салады да, қайта қолына алады. Салмақтап қарайды.Құрманғазы:Қысылғанда қару болар! Ұстай кетейін!Құрманғазы терезеден жеңіл шығады да, тұманға араласып көзден ғайып болады.Бірнеше күн өткен. Түрме киімінің сыртынан ескі-құсқы киіп алған Құрманғазы Жайық бойының қалың тоғайының жемісін теріп жеп, тыныстап отырады.Құрманғазы: (сезімдене сөйлеп)Шіркін, қазағымның шексіз даласы!Шіркін, шексіз даламның кәусар ауасы! Сағындырдың ғой, сен, сар далам!Құрманғазы сабасына түсіп ойланып қалады. Мұңдана...Өз даламның самал ауасын біреуден ұрлана жұтармын деп кім ойлаған!Тарықтырды ғой мына ақ патша заңдары!Зарықтырдың ғой, сен, мені,  бостандық!Ей қасіретті далам менің! Сен қашан басыңа бостандық алар екенсің?Даусының қатты шығып кеткеніне сескеніп қалады. Даусын сәл бәсеңдетіп...Қайтеміз енді, осыған да қанағат! Міне енді түрмеден де, патшадан да құтылдым!.. (терең күрсініп)Бірақ тіршілік тауқіметінен қалай құтыларсың?Құрманғазы кенет тізерлей отыра қалып, көкке қолын жаядыЕй, Жаратқан! Бірінің басына жібек телпек, мыңының басына темір келтек! Бұның қалай? Күн сайын соғады да тұрады. Соғады да тұрады...Бірді бар қылып, мыңды зар қылып қоятының қалай?...Орнынан кенет тұрып жігерлене сөйлеп кетеді.Бірақ  жібек телпектің қызықтыра алмайтыны секілді, темір келтегің де мені жасыта да алмас...Темір келтек тигенде бір, басыңа,Ей жігіттер есіңді жи, жасыма!..Тірлік мәнін ұғынарсың сол кезде,Сонда бастар көкірек көзің ашыла...Ие, солай, жігіттер!  Жасыма!.....Осындайда қасыңда ойыңды айтар біреудің жоқтығы да қиын......Бұл ой деген пәле басты қатырады да жүреді......Дегенмен, бастағы ойдан құтылуға болар, бірақ қолға домбыра түспей көкіректегі мына дыбырдан, құлақтағы мына жымысқы ызыңнан құтыла алмайтын шығармын......Отырсам болды ақылға сал ойлан-ойлан дейді......Тұрсам болды бұқ-бұқ сақтан дейді......Жүрсем болды зыт-зыт, жүгір деп маза бермейді......Мына саз маған тыныштық таптырмас, сірә...Бұ не саз, өзі?Құрманғазы көкіректегі саз үнін дыбысқа айналдырып, көмейінен дыбыс шығарып байқайды. «Түрмеден қашқан» күй сазы естіледі.Құрманғазы:Шіркін-ай домбыра болар ма еді!«Түрмеден қашқан» күйінің сазымен күңіреніп отырады.Құрманғазы:...Мына саздың бір сорлыға  жаны ашып өбектеуін-ай!.....Тазыдан қашқан қояндай боп, дедектеуін-ай!.....Е... мынау не саз деп жүрсем, бұл қазіргі өз басымның жағдайы екен ғой!...Түрмеден қашқан қашқын, сәл сыбдырдан зәресі ұшып, екі аяқтының бәрін жау көріп, зытып келе жатқан пенде емес пе?... безектеуін-ай!...Ендеше бұ күйді домбыра қолға түскен күні мен «Түрмеден қашқан» деп тартармын...Бірақ тыңдаған кісі бұны қорқақ қашқынның әрекеті емес, жігері жетіп бостандыққа ұмтылған жанның жанын түсінетіндей етіп, күй жігерін жасытпау жағын да ойлау қажет болар...Құрманғазы күй сазымен ыңылдап сахнадан шығып бара жатады.ЕКІНШІ КӨРІНІС.Маңғыстау Маңғыстаудың ақ тау шатқалдары. Иығында өзі жасап алған садағы, қолында қояны Құрманғазы.Құрманғазы:...О, Жаратқан! Сенің арқаң, аман-есен 360 әулиелі Маңғыстауға да жеттім. Енді «Түрмеден қашқан» деп те, «Бұқтым-бұқтым» деп те жан қинамай,  бұл жерде еркіндік дәмін толық сезінуге  болатын болар...Орыс елі бұл өлкеге әлі толық қожалық ете алмай келеді.Қамал салып жатыр дейтін еді, түрмесін де салып қойған болар.Ақ патша басып алған жеріне әуелі қамалы мен түрмесін салатын, зорлыққа құмар халық екен...Біздің қазақ жазықтысын түрмемен емес ел алдында ұятын бетіне басып  жөндеп алушы еді. Бұлар тек қапасқа қамайды...Мені де түрмеге қамап ұстап еркімнен айырмақ, жоқты мойындатып жазаламақ болды-ау!Ашулана, алыстағы ақ патшаға жұдырығын көтеріп айбат шеккендей болады.Атаңның басын ұстарсың, мені, ақ патша!Құрманғазы дыбысы жаңғырығып жан-жаққа естіліп жатады. Өтіп бара жатқан сансыз салт аттылар... Бес қаруы бойында жасақтар...Жасақ қолбасшысы дауысқа елең етіп тоқтауға белгі береді.Бас сардар:Анау шатқал жақтан адам даусы естілді! Барып, барлап қайтыңдар.Екі атты дүсірлетіп шауып кетеді.Бас сардар:Кім болды екен, елсізде тау жаңғыртып жүрген?Бірінші жасақ:Бұндай елсізде аңшылардан басқа кім жүруі мүмкін?Екінші жасақ:Аңшы болса босына айқайлай ма, аң үркітіп?Бас сардар:Не де болса осы жерге аялдаймыз. Мына шатқалдың төменгі жағында жүздеген атты суаруға жетпегенмен ауыз суға жетерлік  жылға бар.Аттарыңның белін босатыңдар...«Аттарыңның белін босатыңдар» деген дауыстар шығады.Екі жасақ мойнында қолдан жасаған садағы бар, Құрманғазыны ерітіп келе жатады. Бірінші жасақ:Еңгезердей боп, ен далада айқайлап жүрген осы ма екен!Екінші жасақ:Мынауың алба-жұлба киінген  дәруіш секілді екен. Қайыр садақа сұрап жүріп бар сырыңды жауға жеткізетін Хиуаның тыңшысы болмасын...Үшінші жасақ:Жоқ бұл тыңшы болса орыс тыңшысы. Көрмейсің бе үстіндегі шоқпыттың ар жағындағы қара киімді. Ол киім орыстардікі.Бірінші жасақ:Орыс киімі дейсің бе? Бұл киім өзінікі болса онда бұл тыңшы емес қашқын! Бұл кісі орыс түрмесінен қашқан жан болар...Бас сардар:Мынадай еңгезердей алып тұлғалы адамды тыңшылыққа көзім қимай тұр!Құрманғазы көпшілікке сәлем береді.Құрманғазы:Ас-салау-мағалай-ком, көпшілік! Адамдарға айнала қарап көз тоқтатады. Біраз жасақтар сәлеміне жауап қайтарып жатады.Құрманғазы:Бойдағы бес қаруларың кісі жүрегіне қорқыныш кіргізгенмен жүздеріңде жылылық бар екен. Қаруларыңның сұсы қалай  бет-жүздеріңе таңба түсіре алмай тұр екен? Неде болса сапарларың оң болғай!  Жол болсын!Бас сардар:Бар бол, замандас! Жолымыз болып келеді. Ал өзің жапан далада жаңғыз не іздеп жүрген жансың? Елің қайда? Мал-жандарың аман ба?Құрманғазы:Мендегі мал деген мына маңғаз Маңғыстау атты түбекте жайылып жүрген жабайы құландар мен бұландар!Жан дегенің мына жұдырықтай жүректе!Мал мен жанның рахатын толық сезіп, бостандықтың рахатына мелшесінен батып жүрген мен бір аңшы адаммын! Дегенмен өздеріңнің түстерің суық, жүрістерің суыт секілді, жақсылыққа ма?Бас сардар:Әуелі өз жөніңді таныт! Біз жаушылықта жүрген жасақпыз. Көрінгеннің бәрі жау боп көрінеді, бізге!Құрманғазы:Мен Еділ менен Жайық бойындағы орыс өкіметіне сыймай, патша қаһарына ұшыраған жан едім. Басыма бостандық іздеп Маңғыстауды пана тұтпақ ойым бар.Бас сардар:Бұл өлкеде бұрын болып па едіңіз?Құрманғазы:Жоқ. Бірақ осы өңірде Қашаған деген ақын інім бар еді! Соған сәлем айтарсыңдар! Өзі түсінер кім екенімді. Әзір өз есімімді жасырын ұстасам ба деймін.Бас сардар:Ауық-ауық ел шетіне тиісіп қан қақсатып кететін Хиуа деген жауымыз бар еді. Солар тағы да жаулыққа басыпты.Суыт хабар жетіп, біз асығыс жасақ жинап олар айдап кеткен жетімдер мен жесірлерді арашалап, елге қайтып келеміз...Бірінші жасақ:Өшімізді қайтарып келеміз!..Екінші жасақ:Басын идіріп, тізесін бүктіріп келеміз!Үшінші жасақ:Қолға тірі түскенін еліне тірі қайтардық. Шетінен жаяу жібердік. Енді бізге қарсы жорыққа қатыспаймыз деген уәдесін алдық!Бас сардар:Ие солай болды! Жолымыз болды. Өзімізден екі есе жаудың тізесін бүктіріп, тәубесіне келтірдік.Бүгін жарық барында Ман Ата асуынан құлап, Ман Ата бабамызға арнап құрбан шалмақ едік. Қазір осы арада аз аял жасап жолға шығамыз!Құрманғазы:Жолдарың болып келеді екен. Ел қорғаған ерлердің еңбегіндей абыройлы не бар дейсің, бұ жалған тірлікте! Бола бергей, жолдарың!Құрманғазы бата бергендей боп бетін сыйпайды. Басқалар да қосылады.Құрманғазының көңілденгені байқалады.Құрманғазы:Қуаныштарың ұзағынан болғай! Бүгін бір сәтті күн болды ғой. Мен де бүгін бір тоқтыдай ту қоян атып алып тұрмын. Сіздерге асып беруге қазаным жоқ. Бірақ отқа қақтап, ауыз тигізе аламын.Бірінші жасақ: (қасындағысына көз қысып, қулана)Қызыл қуырдаққа бір тоятын болдық қойАспазшы жасақ! Естіп тұрсың ба! Дастарханыңды жая бер! Қоян қуырдақ жейміз!Бәрі күледі.Бас сардар:Қоян қуырдақтарың мына жарты мың сарбазға жетпес. Ал отқа қақтап үлгеріп жатсаң ауыз тиерміз.Құрманғазы:Қолда бары осы болып тұр.Бас сардар:Бізбен жүріңіз, біз Қашаған аулының үстімен өтеміз!Құрманғазы:Жоқ, шырағым! Маған сіздерге еріп, мына түріммен Қашағанды іздеп бару  жараспас. Жобамды айтсаң өзі таныр. Таныса алып кетер.Бас сардар:О кісіге айтар тағы неңіз бар?Құрманғазы: О кісіге емес, сізден бұйым сұрағалы тұрмын. Ана жатқан қарулар жаудан түскен олжалар болар.Аң ататын біраз садақ жебесін беріп кетесіз бе? Садақ жасап алып едім, жебесі келісіңкіремей, әлекке түсіріп жүргені.Бас сардар:Орысқа жақпасаңыз нағыз азаттыққа құмар қазақ  шығарсыз.  Оның түрмесінен қашып шықсаңыз нағыз батыр сіз боларсыз.Бұл маңайда түрме жоқ. Сіз әрісі Теке, берісі Үйшік түрмесінен қашып шығып, құғыншыға алдырмай, сұғанақ көзге сездірмей екі айлық жолды жаяу өтіп Маңғыстауға жетсеңіз қасиеттен де құр болмассыз... Жаратқанның сізге деген ниеті де түзу болар...Құрманғазы:Айтқаның келсін!Бас сардар:Менің де бір бұйымым болып тұр, сізде.Құрманғазы: (таңдана)Менен бе? Сұраңыз!Бас сардар:Қашаған атын атаған кісі, оның келіп алып кететініне сенімді кісі, тегін адам емес шығар. Кейін таныса жатармыз.Ал қазір таныстығымыздың  алғашқы белгісі болсын, екеумізде жорықта кездескен екенбіз, садақтарымызды ауыстыралық.Құрманғазы үн-түнсіз олақтау жасалған садағын ұсынады. Қолбасшы өз садағы мен қорамсағын бере салады.Үшінші көрініс.  Айдана қыз«Маната» күйі ойналып жатады.Жақсы киінген Құрманғазы мен Қашаған құз ернегінде әңгімелесіп тұрады. Қастарында Қашағанның өкіл баласы.Құрманғазы:Жарықтық, мына тауларды-ай! Ғажап екен!Қашаған:Ғажап жер ғой, Маңғыстау! Қазақ байтағын қанша аралап жүріп бұл жерге ұқсас өлке көрмеппін.Сәл ойланып қалады да, аяқ астынан өлең жолдарын шұбырта бастайды.Мынау біздің Маңғыстау атты маң дала,Сезімді жандар қарайды оған таңдана.Көкірегі соқырларға Маңғыстау деген Құреке,Адыраңдаған адайлар менен ақ тастар,Шөл дала, түйе, құландар менен шаң ғана...Құрманғазы: (күліп тұрады)Міне осылай! Ақын деген осы. Төрт жол өлеңге қаншы мәлімет сыйғызып жіберді. Біз солардың біразын көріп те үлгердік. Бірақ әзір адыраңдаған адайлардан аманбыз.(Енді екеуі де көңілденіп қалады)Қашағанның өкіл баласы: Әке, маған ұрыспаңызшы. Мен де сізге бір ауыз сөз қосайын.Қашаған:Бүлдірейін деп тұрсың-ау!Құреке, бұл бала, менің өкіл балам. Қосшы бала деп қасыма ерітіп жүремін.Еркелетіп алдым ба, бүлдіріп сөйлейтін болып әдеттеніп барады. Мен де қызық көріп бетінен қақпаймын. Кейде шектен шығып кететін кездері де болады. Өкіл бала:Жоқ бүлдірмеймін!Құрманғазы:Айтсын тыңдалық. Адамды сөзі мен ойы танытады. Ойы қандай, сөзі нешік, байқап көрелік.Өкіл бала:         Мынау біздіңМаңғыстау атты шөл дала.Өзені жоқ, бұлақ жоқ,Ащы су, жалғыз көл ғана.Арқар, киік аңы бар,Күйдіріп тұрар күні бар,Шағып сөйлер жаны бар,Лас ауыздылар тағы бар,Артықшылығы сол ғана.Таулары тақыр ормансыз,Елі бар жаудан қорғансыз,Сайы бар ылғал тамбаған,Түйе бар шөлі қанбаған,Ащы сор аққу қонбаған,Осылай дейді мендей оңбаған...Бәрі де мәз болып күліседі.Қашаған:Құреке, кешір мына заржақты. Осылай бұзып жүретін әдеті бар.Өкіл бала:Әке! Нені бүлдірдім! Менің сөзімнен бір ауыз өтірік табыңызшы! Сосын жазғырыңызшы!Қашаған:Әңгіме сонда болып тұр ғой. Сенің сөзіңде бір ауыз өтірік жоқ. Бірақ бәрі естір құлаққа жат әңгіме. Айтқыш адам жұртқа жағымсыз нәрсенің өзін құлаққа жағымды етіп жібереді. Құрманғазы:Апырмай араларыңызда осындай түсініспеушілік бар, қалай әке болып, бала болып бірге жүрсіңдер?Өкіл бала:Әкем маған ұрысқанмен ара-арасында шын сөз естігісі келіп тұрады. Шын сөз естімесе басы аурады. Сондықтан мен тек қана шын сөйлеймін.Құрманғазы:Қашаған! Балаң болайын деп тұр ғой. Өнер берген екен, Жаратқан! Маңдайына бармақтай бақты да аямағай!Қашаған: (Амин деп бетін сыйпайды)Он жасында жетім қалған бала екен. Көзім түсіп, өкіл бала атап, содан бері қасымда жүреді. Сөзге құмар. Жаттағыш-ақ. Сөз құрастырады. Бара бара айтысқа да қатыспақ ойы бар.Құрманғазы:Көзің бекер түспеген болар. Өз тағдырыңды бұ балаң да қайталағысы келіп тұрған секілді ғой...Өкіл бала:Мен де әкем секілді айтыс ақыны болғым келеді.Және әуелі әкеммен, атақты Қашаған ақынмен, айтысып байқасам деймін! Бұным қалай, ата?Құрманғазы:Қазақтың «Жығылсаң түйеден жығыл» атты мақалы бұл жерде саған жараспайды. Күреске түсетін адам әуелі өз шарғасын шамалап алуы керек. Алдымен біліміңді толықтырып ал. Өнеріңді шыңда.Қашаған:Қой балам, артық сөз, артық тамақ секілді. Көп айтсаң сөз де арам, құстырады.Өкіл бала:Әке мен мақал шығардым. Ерсілеу, бірақ айтқым келіп тұрғаны.Қашаған:Тентекке жел бер деген.Құрманғазы:Айта ғой. Айтсын. Бүлдірсе тағы бір күлерміз.Өкіл бала:Артық ішкен тамақ тыштырады, артық айтқан сөз құстырады.Құрманғазы.Міне нағыз мақал!Қашаған:Жетті балам, үлкендер қасында ділмарсыма.Қолымен кейін тұр деп белгі береді. Бала сәл кейін кетеді.Құрманғазы:Маңғыстаудың мына ақ таулары ерекше жаратылыс екен. Ұлы жаратушы ерінбей еңбек еткен секілді. Ал анау тіп-тік ұшпа шыңдар биіктігі кем болғанда үш жүз құлаш болатын болар. Сонда бұл таулардан мына Үстүрттеріңе шығатын жол қанша?Қашаған:Көп емес. Бес-алты жерде ғана. Біздің тұрған жеріміз Ман Ата әулие деп аталады.Құрманғазы:Ман Ата 360 әулиенің біреуі ме?Қашаған:Ескілердің сөзіне қарағанда Ман Ата 360 әулиенің біреуі емес біріншісі делінеді.Құрманғазы:Солай деңіз.Қашаған:Ал адай мақтаншақтары Ман Ата әулиені Адам Ата пайғамбар екен деп сендіреді.Құрманғазы:Апырмай, Қашаған інім-ай! Мына тауды көргелі менің көкірегіме бір күй құйылып тұр еді! Сол күй аты Ман Ата болатын болды-ау!Қашаған:Құреке, сол күйді бірден Адам Ата деп атай салмайсыз ба?Құрманғазы:Айтып тұрсың ғой, мақтаншақтарымыз жеткілікті деп. Сондай мақтаншақтарың  Ман Ата күйін үйреніп алып Адам Ата деп тарта береді дағы. Біз қарсы болмаспыз.Екеуі біраз көңілденіп, күлісіп алады.Қашаған:Маңғыстау таулары мен құмдарына әлі талай көз сүйсіндірерміз. Жол ақысы жүру деген, қозғалалық.Ат тұяғынан шыққан дыбыстар.Екеуі сөйлесіп келе жатады.          Қашаған:Алда ауыл көрінді ғой. Түстене кетелік, Құреке!Құрманғазы:Біз көптен бері құрмет көрмеген, үйге түсіп ас ішпеген адамбыз.  Жарытымсыз асымызды жасырын жалғыз жеп әдеттеніп қалған едік. Ендігі жерде сіздің қалағаныңыз болады.Бұлар сәлемдесіп үйге кіреді. Үйде жіп иіріп отырған кемпір мен зеріге домбыра шертіп отырған кербез, сұлу бір қыз.Кемпір сәлем алады. Қыз бұларға назар аудармай домбырасын тарта береді. Домбыра сазын қалтқысыз тыңдап қалған Құрманғазының көңіл сезімін байқаған қыз ойнап отырған күйін тоқтатады да, бір-екі ойнақы саздарды шертіп-шертіп жібереді.Қашаған: (Кемпірге қарап)Жеңгей балаңызға үйге келген қонақтарға сәлемдес деп, төсек сал деп үйретпеп пе едіңіз?Айдана орнынан тұрады. Домбырасын шерте тұрып Қашағанға қарап:Айдана:Мылтығын шошаңдатып келіп қалған орыс солдаты ма деп қамсыз қалсам мойнындағысы домбыра екен ғой!Қашаған:О не дегенің шырағым!Айдана:Бұ заманда мойнына домбыра асынғандар не қыз іздеп ел аралайды, не шәй іздеп ауыл қыдырады. Сендер қандай шаруамен жүрсіңдер! (Айдана ойнақылана)Айтпақшы... Сәлем сұраған екенсіз ғой, ала қойыңыз......Сәлем бердік, ағалар!Қашаған:Сәлем алдық қарындасым! Сен мылтықтан емес домбырадан көбірек  запы шеккен жан секілді екенсің? Саған домбыра не жазып еді? Домбырашының не жазығы бар?Өкіл бала:Осы қыздың мылтық орнына дамбыра көргеніне қуанышынан өкініші көп секілді екен.Айдана:Ей саған не жоқ! Үлкендердің әңгімесіне араласып? Тыныш тұр.Өкіл бала:Сен бе үлкен? Ендеше әкеме айтсам болды сені айттырады да маған қатын қылып алып береді!Қашаған:Мына ұятсыз не дейді-ай! Тек тұр!Айдана:Пәлесін қара өзінің? Мен қазір сені... (ұрғысы келіп оңтайланады)Айдана анасы:Қызым тоқтат! Көп ойнаған бір жылар деген, өзіңе со керек еді.Төрге шығыңдар, қонақтар! Бұл бір тентек қыз! Әкесі жаңғызым деп басына жіберген.Біреудің қолынан домбыра көрсе болды шамдана қалатын болып алды. Әуелі күй тартысалық дейді. Артынан өзімдей тартпадың деп жер-жебіріне жетіп болады.Құрманғазы:Онысы жақсы екен.Айдана шешесі:Қазақ домбыраны тек осы қыз тарту үшін жаратқандай-ақ!Біз де тартып едік, кезінде. Бірақ ешкімге міндетсінбей, бұлданбай  тартатынбыз.Айдана! Қызым, жетер енді.  Мүмкін бұлар сенен де жақсы тартатын өнерпаздар болар! Қонақ күтудің қамына кіріс.Айдана:Көріп жүрміз ғой, ел қыдырып табыс іздеген, ауыл қыдырып тамақ іздеген күйшісымақтарды. Соларды көргенде домбыраны аяп кетемін!Айдана анасы:Қой, қызым. Жөн сұрасашы, кез-келген жолаушымен ұстаса кетпей.Айдана:Өткендегі : «Өнерге беретін шай болса біз үшін тегін шай болатын болды ғой»  –  деп мардымсып бастап, күй тартыса келе кебісін тастап қашатын күйшісымақ секілді біреулер болар, түрлері солай деп тұр ғой.Құрманғазы:Күйді адамның түрі мен шапаны тартпайды, балам. Күйді кісінің көкірегіндегі түсінігі, бойындағы өнері тартады емес пе...Айдана:Адам біткеннің бәрінің де өз түсінігі, өз өнері болады екен. Бірақ  түсінік пен өнердің бәрі бірдей жақсы бола бермейтін секілді.Айдана анасы:Қызым! Болды, болды! Жақсы тартсын, жаман тартсын домбырасы да өзінікі, күйі де өзінікі. Басын ауыртпа, кісілердің.Айдана: (бұрылып кетіп бара жатып сөйлеп бара жатады)Жоқ-ау, қолы көтере алмас шоқпарды беліңе қыстырып! Домбыра арқалап мақтанады бұлар! (Кенет тоқтай қалып, ойнақылана)Қазір осылар да: «Қарындас шаршап келе жатыр едік, мосыңа шәйнек іле салшы» -- дейтін болар.Қастарындағы мынабіреуін қара, тіпті тілі шығып қалыпты.Қашаған:Тауып айттың, қарындасым. Домбыраның абыройын қорғай сөйлегенің менің жаныма жағып барады. Дегенмен, қалған әңгімеңді шәй үстінде жалғастырсақ қайтеді. Өзің айтқан шәйнегіңді іле сал.Өкіл бала:Әке мына қызды маған айттырмай-ақ, қойшы. Алғым келмей кетті. (Құрманғазы қатты күліп жібереді)Құрманғазы:Неге алғың келмейді? Әдемі қыз. Күйші. Тілі де сайрап тұр.Өкіл бала:Осы қыз әкеме оңдырып шай қайнатып бере қоймас.Құрманғазы:Мен адам танысам осы қыз дұрыс бала. (Құрманғазы Айданаға қарап өктемдеу үнменен)Қызым, домбыраны қадір тұтатының, күй өнерін сүйетінің байқалып қалды. Бір күй тартып көрші, біз тыңдап көрелік. Шайды сіздің қолыңыздан ішпесек замандас келіннің қолынан ішерміз. Жолаушы қазақтың кез-келген шаңырақтан дәм татып, қонақ болып кетуге қақысы бар. Ондай қақы бізде де бар.Біздің қазақ деген елдің сондай әрбір үйде еншісі болады.Жайғасып отыра бастайды.Айдана анасы:Бұ қыздың құдайы берді ғой. Күй тарт десең құтырып кетеді. Енді оңай құтыла алмассыңдар. Шәйнекті өзім ілейін.Кемпір шәнек қойып келеді. Айдана тыңдаушы табылғанына қуанғандай, көңілдене домбыра күйін келтіре бастайды.Айдана:Ағалар, ана бастарыңның екі жағында едірейіп тұрғандар құлақ болса, тыңдай отырыңдар...Бірақ мен күйді сендерге емес өзіме арнап тартамын. Бұ күй  Құрманғазы күйшінің күйі.  «Кішкентай» деген күй.Құрманғазы мен Қашаған бір-біріне қарасып, елеңдесіп қалады.Қыз күйді беріле орындап кетеді.Айдана анасы: (күйді сезіне тыңдап отырып, бір кезде шыдай алмай кетеді)Құрманғазының «Кішкентай» күйін, шырағым, жер-жебіріне жеткізе тарту қажет қой! Әкелші домбыраны.  Мына жерін міне былайша... қақпайсың ба?Анасы күйдің бір жерінен мін тауып, қыз қолынан домбыраны еріксіздеу жұлып алады да, қағып көрсетеді.Айдана анасы:Міне, бұл жерде күйші өз ызасын былайша «әттең-ай, әттең-ай деп»мұңды әуенге айналдырып, тыңдаушысын ойға батырады.Күйші күйдің соңғы қағыстарымен күйді аяқталады...Құрманғазының таңырқап қалғаны байқалады.Құрманғазы домбыраға қол созады. Қолына алған домбыраны зерттей қарап отырып, қызға сұрақ қояды.Құрманғазы:Қарындасым, жаңағы күйді қайдан білесің?Айдана:Құрманғазының күйі «Кішкентайды» ма?Құрманғазы:Иә. Ол кім еді?Айдана:Сен кімсің, өзі? Құрманғазыны білмейтін!Құрманғазыны бұ заманда не есірік білгісі келмес, не есуас естігісі келмес. Бұл күй күй құдіреті Құрманғазы күйшінің күйі.Құрманғазы қызға кешіріммен қарай, күлімсіреп отырып «Кішкентай» күйін ойнап кетеді. Енді қыздың сасып қалғаны байқалады. Қыз анасы да сондай күйде.Айдана анасы:Шырағым-ай мына күйді бір естіп жалғастырып отырсың ба, әлде бұрыннан білуші ме едің?Құрманғазы: (ойнауын тоқтатып)Жарықтық менің «Кішкентайым» өз ұшқан ұясынан Маңғыстаудай қиян шетте осындай құрметке ие болып жүрсе, ержеткен  екен ғой!Сені тартқан қыздан да айналайын, оны тапқан анасынан да айналайын. Күйші ретінде мен бақытты екенмін. Енді сезіндім!Қашаған:Құреке, бұ  күй аты «Кішкентай» аталғанмен әу бастан-ақ ұлы уақиғаға арналып терең ойға тербеліп шыққан, ұлы өнердің бастауы секілді боп туындаған ұлы саз емес пе еді!Айдана анасы:Құрманғазы!Айдана:Құрманғазы!Құрманғазы:Жақсы айттың-ау, ақын інім! Күй тағдырына өзің аралас болғандай айттың-ау!Айдана анасы:Ой Алла! Мейірімің бізге құлаған екен! Біздің қара шатпамызға  Құрманғазы атты Қыдыр ата бас сұққаны ма?Жалғыз қызымның бар арманы, Сізді бір көріп, өз өнерін бір сынатсам деуші еді. Тіпті іздеп кетем деп те қорқытатын. Қызым, тілегің дұрыс екен!Құрманғазы:Рахмет қызым! Тек сендей жандар ғана нағыз күйші атанады.Айдана анасы:Айналайындар-ай! Қыз мінезіне кешірім өтінемін. Домбырашы қыз атанып, атағы ерте шығып кетті де, қыздан дәмелілер домбырасын шошаңдатып үйден шықпайтын болып алды. Балам әбден запы болыпты. Әйтпесе бұл қыз көргенді қыз, жақсы қыз, өнерлі қыз.Айдана:Атажан-ай, жаңағы әбес мінезім үшін кешіре көріңіз мені! Мен шынында да онша жаман қыз емеспін! Мен көбін жорта жасаймын.Құрманғазы:Сен бізге теріс мінез көрсеткен жоқсың балам. Қайта домбыраны барлық жан-тәніңмен сүйетініңді таныттың. Біз сені солай таныдық. Салай емес пе Қашаған?Айдана анасы:Құдайым-ау не дейді?Қашаған!Бұ жігіт біздің елдің атақты ақыны Қашаған ба еді!Қазақтың екі бірдей арасы!Айдана төсек сал, малға адам жібер!Кемпір не істерін білмей қапылып қалады. Айдана Құрманғазыдан көз ала алмай қарап қалған.Айдана:Апа не дедің?Айдана анасы:Төсек сал дедім. Мал сойғыз деймін.Құрманғазы:Замандас қапылмаңыз. Қызыңыздың өнерге деген, өзіңіздің бізге деген асыл ықыластарыңызға тойып қалдық. Біз аз отырып жолға шығамыз. Біз біраз балаңызбен сөйлеселік.Айдана анасы:Ойбай, онда өзім жүгірейін. Өзім... Өзім...Домаланып шығып бара жатады.Құрманғазы:Қызым жаңа тартып жатқан ойнақы саздар не саз? Қайта тартшы!Айдана:Ой, олар еріккенде тартатын өзімнің бірдеңелерім ғой! Аты да жоқ, заты да жоқ нәрселер. (Қыз қайтадан бір қайта ойнап шығады)Құрманғазы:Болашақ күйлеріңнің басы де... Күйшілік осылай басталады. Қызым түбінде атақты күйші боласың. Домбыраңды тастама! (Құрманғазы домбыраға қол созады)Айдана:Ата, есімде қалсын, бір екі күй тартып көрсетіңізші.Құрманғазы:Қарындасым жаңа ойнақы саздарды әдемі орындадың. Мен темір торлы терезеден қарап отырып, бір күні далада  ойнап жүрген Мишка деген орыс баласының қылығына қызығып «Бала Мишка» деген күй тартып едім. Мынау сол күй...Құрманғазы «Бала Мишка» күйінің ойнақы жерлерін шертіп көрсете бастайды.ШымылдықТӨРТІНШІ КӨРІНІС.Той бастарҚыз ұзату тойы. Алтыбақан құрылған. Жастар алтыбақанға тербеліп ән айтып жатады.Гүл-гүл жайна, күліп ойна,Қыз-бозбала кезіңдеАуыл адамдары, қонақтар жастарды, алтыбақанды сырттай қызықтап, әңгімелесіп тұрады.Өкіл бала алтыбақанға барады.Ауыл қызы Өкіл баланы алтыбақанға шақырады.Ауыл қызы: (Алтыбақанға ұмтылып отырғалы жатқан ауыл жігітін тоқтатады)Сен жаңа отырып едің ғой. Қонаққа жол берелік. Қані қонақ жігіт! Қай қыз ұнап тұр, көрсет! Әзілдерің мен өнерлерің жарасып жатса аулыңа алып кетесің сол қызды!Өкіл бала:Ендеше, мен өзіңді қаладым, қарындас!Ауыл қызы:Жақсы болды ғой. Өтпей жүр едім. Қалыңдығың бола бола алмасаң әжең болуға жарап қалармын!Жастар қыз сөзін күлкімен қоштайды.Ауыл қызы кенет өлең құрастырады.Ауыл қызы:Шын ба екен мына бала есебі, шын,Шынымен мені алып кетемісің?Жассың ғой ана сүті ауызыңда,Сонда сен мені ана етемісің?Өкіл бала:Бұл қалай өзің айтып көнбегенің,Жассың деп, жарамайсың, кем дегенің?Емізсең емізе ғой, сүтің болса,Мен сорлы ана сүтін ембегенмін...Ауыл қызы:Өзің шеш, алам десең ниетің білсін,Тауардың сен таныдың өтімдісін.Қыз едім айттырылған енді қайттім,Әй мырза, сонда қалай, жетімбісің?Өкіл бала:Жасырман, жетім едім, тумай жатып,Ақын ем өнер жолын қумай жатып!Қалды ма жігітшілік жетіп бүгін,Тұрғаным сені көріп судай тасып!Ауыл қызы:Қалғанын біз айталық әткеншекте...Бұлар әткеншекке отырады. Жастар тербетіп жібереді...Қалғанын біз айталық әткеншекте,Өзіңе шағынайын өкпем жетсе.Алып қаш мені бүгін осы түнде,Қор қылма теңім десең сексен беске.Өкіл бала:Не дейді, мына сұлу, сексені не?Парасат бұл ауылдан көшкені ме?Бойыңды қалай сонда жылытасың,Ару жан бір гүлдемей өшкені ме?Ауыл қызы:Әй бала, міне сен де тайқақтадың,Мен сорлы басыма тең бай таппадым.Алмасаң алмай-ақ қой, сексенім бар,Бекерге өзіңді мен айтақтадым...Жастар рахаттана қошамет көрсетіп жатады.Той басқарушының даусы естіледі: «Халайық «Алтыбақан» маңына жиналыңдар. Той бастар рәсімі өткізіледі!»Өкіл бала мен ауыл қызының сөз қағысуы тоқтап қалады.Дауыстар...

  • Тойды кім бастар екен?
  • Сақып ақын тұр ғой жалаңдап, сол бастайтын болар!

 Тағы біреудің даусы шығады.

  • Қашаған ақын келіпті, бұ тойға.
  • Той бастар жолы Қашағандікі. Әрі атақты ақын, әрі Сақыптан жасы үлкен, әрі қонақ.

Сақып домбырасын алып ортаға шығады.Той басқарушы:Сақып! Кідіре тұршы шырағым!Бұл тойға жолы түсіп алыстан Қашаған ақын келіп қалған екен.  Жасы үлкен, той қонағы. Жол Қашағандікі емес пе?Сақып: Той бастар қашаннан бері келген жерінің қашықтығына, не сақалының ұзындығына берілетін болыпты. Той бастар нағыз ақынның жолы.Алыстан келсе шаршаған шығар, қымыз беріңіз! Сақалы өсіп кетсе шаштараз шақыртыңыз!Біреулер күледі.Маған Құдай өнер беріп қойғанда мен мына кілем жабылған наршаны жетектетіп жібере алмаспын, көлденең көк аттыға. Нағыз өнері асса жеңіп алар!Сақып домбырасын күйге келтіре бастайды.Құрманғазы: (Қашағанға)Сөзі қандай еді, түйеден түскендей?  Бірдеңе демейсіз бе?Қашаған:        Десем дейін.        Қашаған ортағы шығады да бірден бастап кетеді.Уа, Сақыпжан бер қара!Әуелі сөз басталмайтын ба еді ағадан,Жауапқа кәміл, біздей данадан,Су да  тасымайтын ба еді сағадан.Ағасын інісі қор тұтқан,Өзінің көңілін ағасынан зор тұтқан,Бұ заман шығып па еді жаңадан?Қаршыға аққуды алғанда,Жаман жапалақ құсТышқанды басып қалғанда,Олар да арланбайтын еді ғойӨзінің дәрежесінің кеміне.Он екі ата байұлыАрлы жерің келгендеДұшпандарыңды көргендеБәйгіге қосқан жүйрігің едім-ау,Күніне үш қосқанда үш келген.Ау, Сақыпжан, шырағым!Тайыз екен ғой ақылың,Меніменен жарыспа,Меніменен жарыссаңЖыртылып қалар тақымың,Жыртармын бала жағаңды,Келтірермін тобаңды,Тақымыңды жыртармын,Мардымыңды құртармын.Мен сендей жабыныңТалайынан озған тұлпармын.Мен сендей жапалақтыңТалайын алған сұңқармын.Сен бір ауылда үрген көпек ит,Мен бір көкжал қашаннан,Азулы арлан бөрі едім.Ашулансам мен сірә,Жас та болсаң шырағым,Желкеңнен жалғыз-ақ тістеп бұлқармын.Жұрт шулап кетеді. Сақып шыдай алмай ортадан шығып, көптің артына жасырынады. Ортада көпшілік алдында аралап жүріп жырлап жүрген Қашаған ортадағы Сақыпты іздейді...Қашаған:Жаңағы ақын бала қайда?Өкіл бала:Сақып ақынды Қашаған ақын қашырды ғой!Жұрт күлісіп қалады.Той басқарушы:Ал тынышталыңдар, әлеумет! Той бастар жолы Қашаған ақынға беріледі. Бұл жолды ол өнерімен жеңіп алды. Ал Қашаған мырза бастай беріңіз!Қашаған:Той баста деп құрмет көрсетіп жатсаңдар басталық. Алла тағала аузымызға не түсірер екен айтып көрелік.         Қашаған енді сыпайы дауыспен жырлап кетеді.         Той тойлап жатсың әлеумет,         Жиынға басың құралып.         Беруге бата балағаМәжіліс құрдың бұл анық.Тұсыңа келген ақынмынКөргесін топты тұра алман.Жаратқан берген қасиетҚиялдан жауап шығарған.Пайғамбардың үмбетіТой қылмақ міндет сірәдан.Әдемілеп үй тіктіңСәніңді елден асырып.Дабыра қылдың атыңды,Алашқа даңқың шашылып.Мереке жасап жатырсың,Астана жұртты шақырып. Той бастадым мен бүгінБұлбұл тілді сайратып.Байлығыңды таныттыңТайлаулы жүкті арттырып.Керуен сәнін келтірдің,Асылдан үстін жаптырып.Шаттыққа бөлеп халқыңды,Аламан жүйрік шаптырып.Халық сөзді қошаметтеп, шулап естіртпей кетеді. Қашаған ұзатылғалы жатырған қыздың қасына келеді. Той басқарушы жұртты тыныштандырады. Қашаған қызға қарап қайта жырлайды.Қашаған:Тұсыңа келдім шырағым!Алтынменен булаған,Ақ күмістей ажарың.Тілің майда мақпалдай,Үнің шатты бұлбұлдай,Көзің күлгін, шуақтай,Жанып тұрған панардай.Демің таза қош иіс,Таңғы салқын самалдай. Жазық маңдай түйме қас,Қызыл ерін ай қабақ.Сұңғақ бойлы, сүмбіл шаш,Алма мойын ақ тамақ.Сұлулықты жырлауғаМаған міндет болғандай,Көпшіліктің алдында,Толықтырып мақтамақ. Бұл дүниенің мысалыАлыс емес жақында.Сен бір қазір сағымсыңҚол жетпеген құрбыныңТалайлар ойлап сағынған.Анаң мен атаң асырап,Нұрдың суы шашырып,Назар салып қарасам,Көзің жанған шамшырақ.Қалыңға біткен бәйтерек,Бұтақсың шыққан шашырап.Торға түскен сұңқардайОтырсың бүгін байланып.Мен шарықтап жүрген аспандаТопшылы қыран бүркітпін,Келелі сөзбен халқымды,Жүремін күнде асырып.Сен мамығын төккен бала қазБүгінде ұшсаң қонарсыңАйдын көлге асығып.Айтамын жауап қалдырмай,Мендей қылып кім айтар,Көңіліңді қылып жай.Арқада Әлім, ЖетіруСоның баршасын мен тұрмынСаған теңеп тай қылып.Қашаған домбырасын көкке көтеріп, ортадан шетке шыға бастайды.Той басқарушы:Қашаған ақынға тойымызды бастап бергені үшін кілем жабылған нарша сыйлық сыбаға тартылады!Қашаған: (тоқтай қалып)Кіші жүздің аймағы-ай!Бүгін жиналған қазақ қайдағы-ай!Осындай құрал болғанда,Ортада тұрып сөйлеген,Бұ да жігіттің алған байрағы-ай!..Қашаған домбырасын қайтадан көкке көтеріп, ортадан Құрманғазы тұрған жаққа беттейді.. Барша жұрт «Қашаған ақын, Қашаған ақын» деп қошамет көрсетеді.Құрманғазы:Балам, әкең керемет ақын ғой, а?Өкіл бала:Айтыстан жеңіліп көрмепті. Жай отырғанда онша сөзуар емес. Ал ортаға шықса болды құтырып кетеді.Құрманғазы мен Өкіл бала көңілді. Қастарына Қашаған келеді.Құрманғазы:Біреуін желкесінен тістеп лақтырып, біреуін асыл сөзбен аспандатып тастадыңыз ба, Қашеке!Өнер дегенің де жапырып келе жатқан теңіз толқынындай қауіпті нәрсе ғой! Оған қарсы ешкім тұра алмас!Бәрі де құтты болсын!Қашаған:Рахмет Құреке!Біздікі тек Алланың ауызға салғанын үлгеріп айтып қалу ғой!Өкіл бала:Менің өкіл әкем Қашаған деген осындай адам!Менің шешем де осы кісі, әкем де осы кісі! (әзілдей)Дәл өзіме аумай ұқсаған, Құданың құдіреті!Үшеуі де көңілді.Қашаған риза болып өкіл баласының басынан сыйпап, бауырына басады.Бұлар өздерін қоршаған халыққа қошамет көрсетеді.ШымылдықБЕСІНШІ КӨРІНІС.ҚашағанҚашаған мен Құрманғазы ел аралап жүріп, қатты боранға тап болып, бір аралдағы ауылға жетіп, шанадан түсіп жатады.Ауыл шетінде екі шал кездеседі.Бірінші шал:Ана қолына домбыра ұстағаны атақты Қашаған ақын. Жазда Көкжар жәрмеңкесінде көргенмін.Екінші шал:Кім болсада мына боранда жолға шығып жүрген батыр адамдар екен.Құрманғазы мен Қашаған бұларға сәлем береді.Бірінші шал:Жол болсын!Қасиетіңнен айналайын, жастық-ай! Мына жаныңды уайымдатар  боранда,  домбыраны қолдан түсіртпей жүрген.Қашаған:Жолаушы едік. Мына боранға тап болдық.  Сіздердің адамдарың шығар, жол бойына қамыс шаншып тастаған екен. Сол қамыстар бізді осы ауылға алып келді. Енді қонып, боран басылғанын күтсек пе дейміз. Бұл ауыл кімнің ауылы?Бірінші шал:Бұл жер біздің аз ауыл кетелердің қыстағы. Қыста мал қыстататын арал. Кілең жертөле.Жертөлелері шетінен тар, қонақ қабылдауға арналмаған. Тек қана Есқали сұпының үйіне екі-үш  кісі қонып шығуға мүмкіндік бар. Сол үйде жағдайлы боласыңдар.Құрманғазы мен Қашағанға шал Есқали сұпы үйін сілтеп жібереді.Екінші шал:Ей ақсақал, сен үйіңе кісі қондырмай жібергенің не? Ұят емес пе?Бірінші шал:Ұят емес. Екі кісінің жастауы Қашаған ақын дедім ғой, жаңа.. Өткен жазда Көкжар жәрмеңкесінде айтысқанын көргенмін. Ана сұмпайы сұпы міндетті түрде бұларға орынсыз бірдеңе дейді. Ал Қашаған ондайды жауапсыз қалдыра қоймас.Кімге ұят болғанын сол уақытта көрерміз. Жұртқа хабарла. Қонақтарға сәлем бергелі келдік деп бәріміз сол үйге жиналалық.Қашаған мен Құрманғазы ауыл адамдарының сілтегенҚашаған:Құдайы қонақпыз, шырағым. Бір түнеп шығалық. Құдайдың күні құтырып кетті ғой.Есқали келіні:Мына боранда қонақ күтетін жағдайымыз жоқ. Малымызды жайлап үлгере алмай жатырмыз. Қонатын жерлеріңді басқа жерден қамдаңдар.Қашаған:Шырағым, қазақ келіні бұлай сөйлемес болар. Бұл үйдің үлкен кісілері бар ма?Есқали келіні:Бар. Мал қоралап жүр. Қонақ қабылдауға қолы тимейді.Қашаған:Оның қолы тимей жатса, біз үйге кіріп күте тұрамыз-дағы. Тоңып қалдық.Қашаған үйге кіруге бағыт алады.Есқали келіні:Қонақ күтуге жағдайымыз жоқ деп айттық қой саған.Құрманғазы:Осы келіннің қондырмаймын дегенінен «сен» дегені батыңқырап тұр маған.Қашаған:Маған керісінше болып тұр. Дегенмен бір әйел қондырмаймын дегенге кете бермейміз ғой, қазақ қонақжайлығын жоққа шығарып, Құреке. Ренжімеңіз. Осы үйге қонып шығамыз.Қашаған аяқ астынан өлеңдете жөнеледі.Кетенің кет деп тұрса да келіншегіКетуге ұстап тұр ғой менің еріншегім.Жас жігіт қонам десе қон дер еді,Ұстар ед сонда оның көңілшегі.Құрманғазы:Сен де жас емессің бе?Қашаған:Сақалдағы ақ қырау байқатпай тұрған болар.Қашаған есік ашады.Қашаған:Құреке, кіріңіз.Қонақтар ішке кіреді. Сырт киімдерін шешіп жайлана бастайды.Есқали келіні:Мына жұрттан иман кеткен ғой. Ұрқысатсыз үйге басып кіріп. Шешініп жатыр.Келін бұрқылдап шығып кетеді.Қашаған:Кей әйелде бір бұрқылдап басылатын әдет болады ғой. Басылар, қазір. Үйдің үлкені келер. Танысармыз. Шайымызды да ішерміз. Сүрінен де ауыз тиерміз.Үйге Есқали сұпы кіреді. Шала амандасып, намаз оқу қамына кіріседі. Сұпының немересі Қашаған домбырасының орауын шешіп, ішегін дыңылдатып қалады.Сұпы жылан көргендей шошынады.Есқали сұпы:Әй найсап! Таста қолыңдағы қу ағашты. Бұл намаз оқылып жатырған құдайдың үйі емес пе еді, қайдан келді шайтанның құралы бұл үйге?Аулақ жүр одан!Құрманғазы:Ой Алла! Не деп кетті мына сұпы? Байғұстың аузына шайтан салып тұрған болар бұ сөзді.Ауыл адамдары келген сылтауларын айтып бір-бірлеп үйге кіріп жатады.

  • Кеш жарық
  • Жолаушы келді дегесін
  • Хабар сұралық деп
  • Қонақтардың сұпымен сұхбатын тыңдайын деп

Қашаған ойға кеткен. Келген кісілермен ісі жоқ. Шиыршық атып, бір оқыс мінез көрсететіні байқалып қалады.Осы кезде манағы кездескен екі шалы кіреді.Бірінші шал:Кеш жарық! Есекең үйіне қонақ келгесін ауыл адамдарын түгел шақырған секілді ғой. Есекең дұрыс жасаған екен. Көптен бері басымыз қосылған жоқ еді.Екінші шал:Бірақ бізге хабар тимеді.Бірінші шал:Қашаған ақын келді дегесін... Атын естіп, құмар едік. Құдай сәтін түсіріп біздің ауылға келіп қалапты.Құр құлақ боп жүр едік. Жыр тыңдалық. Әңгіме естілік...Қашаған ақын домбырасын қолға алып құлақ күйін келтіріп шалдар сөзін тыңдап болып, жыр-термесін бастап кетеді.Қашаған:Келіпсіңдер  жақсыларӘр қиырдан жиналып.Қашаған жырау келді депКеудесі оның кеңді деп,Барсақ кеңес берер деп.Бірақ кеңес беруге,Отырған жоқпын сыйланып.Шығып кете беругеНәресте сәби бала емен,Отырмын өзім иба ғып.Сұпыңыз мені жек көрді,Ал мен болсам сұпыныңӨзі емес сөзін жек көрдім.Ел аралап көп жүрдімНадан туған осындайСұпыларды көп көрдім.Аузыңда Алла молдеке,Сен қонақты жек көрдің.Қонақпын деп келгендеРасулы пағамбарТүйесімен арқалапАтасы басқа кәпіргеҚұрмет қылған жоқ па еді?Ал сен болсаң сұпекеДомбырамды боқтадыңДомбырамды боқтасаңӨзімді басқа соққаның.Сұпылығың  қай жақта,Шын тентекке ұқсадың.Құдайы қонақ мен едім,Кәпір құрлы жоқ па едім.Қолымдағы домбыраДомбыра күнә дейтініТек бір айтқан дабыра.Қолымдағы қу ағашМұның асылы емен, қарағайШыққан жері су ағаш.Аруақты ерлердіңҚолындағы ту ағаш.Қарның ашып келгендеБұтақтары бүгіліпКөктен төмен үңіліпЖүрегіңді жалғайдыБасына шыққан жемісіНәсіп болған бұл ағаш.Қане сұпы ойланшыБоқтағаның қай ағаш?Пайғамбарлар туғандаБесік болған бұл ағаш!Ибраһим Қағба салғандаМешіт болған бұл ағаш.Алланың үйі мешіткеЕсік болған бұл ағаш.Шеберлердің қолындаКәсіп болған бұл ағашҚане, сұпы, сөйлеші,Боқтағаның қай ағаш?Пақырларға пайдалыПана болған бұл ағаш.Бес намаздың алдындаАса болған бұл ағаш.Аңдып келген шайтанғаТаса болған бұл ағаш.Қане, сұпы, сөйлешіБоқтағаның қай ағаш?Жаңа дәрет алғандаҰртыңа тыққан мәсуекАғаш емей немене?Үстіңе тіккен үйіңізШақырса бұған келмей меҚазірет, ишан, биіңіз.Ас берер соған табағыңАғаш емей неменеБасыңда бар ма миыңыз!Атамыз Адам пайғамбарЖеті сазбен жерге кеп,Күй шертіпті деген бар.Ол күндегі о да саз,Бұ күндегі бұ да саз.Домбыраны күнә десеңізЖиын менен тойдікі.Ішегін күнә десеңізПейштен шыққан қойдікі.Құлағын күнә десеңізҚазіреті БіләлдіңҚұлағы екен деседі.Тиегін күнә десеңізШиленген сырды шешеді.Сен сұпы білмей адаспаДомбыраның күнәсі аз.Саналыға қашаннанОй тастар сөзім тыңдалған.Санасыздың белгісіТыңдауға сөзді бұлданған.Бұл дүниенің зауқынан,Қиямет күннің қаупінен,Екеуінен де өзіңдейДін бұзар дүмше молдаларСіздер ме деймін құр қалған.Есқали сұпы:Аузыңа шайтан салып тұрса да, періште салып тұрса да інім  ілім, білімнен көп хабарың бар адам екенсің. Кімдікі дұрыс, ол арасын тек қана бір Алла біледі.Адам Атаны азғырған шайтан маған әлі жетпеді деймісің. Әлгі сөзім ауыр тисе кешірім өтінемін.Құрманғазы:Жоқ сіздің ауызға сол сөзді періште салған болар. Әйтпесе Қашаған ақын айтқан жаңағы жыр-дастан өмірге келер ме еді! Мен қайта сол сөзді айтқаныңыз үшін сізге рахмет айтқалы отырмын.Бірінші шал:Есеке! Бүгін бәріміздің атымыздан тағы да рахмет. Жылы үйде жыр тыңдап, сүр асқан қазанның исін алып отырғаннан қазаққа не керек. Бүгін біздің бар керегіміз осы үйден табылып жатыр.Ауыл адамдары шулап кетеді. Бірінші шал жұртты тынышталдырады.Қашаған ақынға қарап:Бірінші шал:Жолдасыңды тосырқап отырмыз.Қашаған:Өзі танымаған кісіге Құрекеңді таныстыру да оңай шаруа емес.Айтсам ба, айтпасам ба дегендей Құрманғазыға қарайды. Қашаған жайын түсінген Құрманғазы өзін-өзі таныстырады.Құрманғазы:Мен тонау Текеден келген Құрманғазы деген қызылқұртпын. Халық мені Құрманғазы күйші деп атайды. Күйшімін!Жұрт сыбырласып Құрманғазыны танитынын байқатып жатады.Біз тонау Текеде жүріп Маңғыстауды ел шеті, жер шеті деп жүрсек Маңғыстау нағыз білім мен өнер ордасы екен. Ерлік те осы өлкеде, мәрттікте осы өлкеде ме деп қалдым.Қазақтың бар асыл қасиеті бойынан кетпеген елді көрдім осы жерде. Мен сіздерге ризамын, халайық!Дауыс: Қалай-қалай сөйлейді!Жап-жас қыздары елудегі кісі алдында тең-құрбысымен сөйлескендей өздерін еркін ұстайды екен бұл жерде!Күйшімен деп жүрген Құрманғазыны менсінбей, жасы жеткен кемпірдің де, он жеті жасар қыздың да күй тартысқанын көрдік, біз!Мұқтаж болып қорамсағынан бір жебе сұрасаң қорамсағын садағымен қоса ұстата салған мәрттікті көріп риза болдық!Ел шетін  шапқан жау ұзап үш күндік қиянға  кеткенде адай арғымақтары бір күнде қуып жетіп, ерлері ел кегін қайтарғанын көрдік!Сонда бұл неліктен?Маңғыстауды мәңгі мекен еткен 360 әулиелердің өз ұл-қыздарын желеп-жебеп жатқаны ма?Әлде, қалың қазақтан шетте жүргесін өзін-өзі қорғау қажеттігінен туған қайсарлық па?Мен бұл жерден түз тағысындай еркін өскен елді көрдім!Мен бұл жерден қазақ дастандарындағы бабалар рухын сезіндім!Нақ өзімнің аңсаған  ой тәуелсіздігі де, бас бостандықтағы да осы киелі топырақта, Маңғыстаудың қара ойында ма деп қалдым!..Мынау Есқали сұпының бір ерсі қылығын ел болып түзетіп жатырсыңдар, мен соны көрдім!Ол тіпті өзін-өзі түзетіп жатқандай!Қашаған:Сезініп айттың-ау, Құреке!Езіліп кетті-ау болмысың!Шаршап қалған жоқпысың Құреке!Құрманғазы: (басын ұстап сәл ойланып кетеді)Жоқ! Мен шаршап жүрген жоқпын!Мен піскен секілдімін. Тым пісіп кеткенде жарылатын Аштарханның қарбызындай жарылуға келдім! Енді шыдауға болмас!Әкел домбыраңды!ШымылдықАЛТЫНШЫ КӨРІНІС. Адай күйіҚұрманғазы:Әкел домбыраңды! Мен шаршап жүрген жоқпын, Қашаған інім! Қайта шабыттанып жүрмін!Сенің мына аяқ астынан жүрегіңді жарып шыққан жойқын жырың секілді менің де көптен бері жаныма тыныштық таптырмай жүрген бір жойқын сарын алыстан аттан салып келе жатыр!..Міне келіп қалды!..Сарын, жойқын сарын... Жойқын  болғанда қандай...Адай жұртының қарттарындайСөз сөйлейтін бірінен-бірі асырып...Дауыл күнгі теңізіндей, топан толқынындарын сапырып...Адай жасақтарындай, жау соңына түскен қапылып...Қорқынышты сұстары, кететіндей бар әлемді жапырып...Тиіскен  жауын әдеттеніп алған қашырып...Міне адайлардың сол сұсын алып келе жатыр бір сарын кенет маған асығып!..Міне жетіп те қалды!...Тіл шығарсам қорқытатын,Ақ патшаның заңы солай, кесем десіп...Жүргенде маған адайлар кез болды...Ессіз заманға жүргенде, есем кетіп...Елді көрдім, өмір деген - айқас пенен күрес,Ал қалғанының  бәрі бекер десіп...Адамдарды көрдім мен бірін-бірі қолдаған,Ғашықтардай ынтыққан, бір-бірінің демінен шекер жесіп...Міне мен сондай ел мен жерді көріп шабыттанып отырмын, Қашаған!..Сол сарын тап қазір менің көкірегімде найзағай болып жарқылдап...Анау шексіз  теңіз кететіндей қайнап сарқылдап...Басымдағы бір ыза мен кек соларға қосылып арпылдап...Айдана қыздың мінезі де еске түсіп тұр, тарсылдап...Хиуа бектерінің соңынан қуып кеткен сарбаздар атының мыңдаған тұяғындай сатырлап...Келіп қалды жеті саз, бәрі де бірінен-бірі мінездерін асырмақ...Міне, солардың бәрі менің мынау кеудеме сыймай,   «Мен Адаймын деп» асыр сап... Берекемді алады...Шығаршы дейді бостандыққа!...Біз тұншығып келеміз  дейді ғасырлап...Қашаған:Біз ақынбыз деп жүрсек, нағыз ақын сіз екен ғой, Құреке!Бірінші шал:Жарықтық-ай! Сөзі қандай еді! Тұла бойы тола қасиет болар!Екінші шал:Ана жақ жүндерін қара! Бетіне ине қадап қойғандай, шетінен тікірейіп кетіпті!Құрманғазы:Қашаған! Бұ тірлікте қиыншылық та, қуаныш та қалай көп...Бір сарын саз келіп қалды,Мені тарта аласың ба, қалай деп...Берші маған домбыраңды Қашаған,Мен бір күй тартайын «Адай» деп...Кетер сонда біздің қабақ ашылып...Қалар сонда өрепкіген мына кеуде басылып...Мен бір күй тартайын Қашаған,Тыңдаған жанның бәрі де,Қалатындай болсын «аһ ұрып»...Қашаған домбырасын ұсынады.Құрманғазы «Адай» күйін ойнап бастайды.Шымылдық жабыла бастағанда «Адай» күйін «Құрманғазы оркестірі» жалғастырып әкетеді.