ВЕРНУТЬСЯ

Мәрмәрдей әппақ қала, шөлдi мекен,Түнiң де мойылдайын мөлдiр екен.Алматыны мақтайды жұрттың бәрi,Солар осы Ақтауды көрдi ме екен? Бұрынғы дала емес бұл қурай басқан,Iргесiнде теңiз боп тулайды аспан.Асфальт жол түйелерден үркiп кетiп,үй-үйдiң арасымен зулай қашқан. Өр толқынға құмарта қарағам мен,Бабалар рухына балағам мен.Бiреулердiң тiлi өтiп кете ме деп,Теңiзiңдi бүркеймiн орамалмен.Ал теңiз  шапшаңдықты құптайтындай,Толқындары жүгiрер құйттай тынбай.Мұнда ғажап жайдары сергектiкпен,Қара түн түрегелiп ұйықтайтындай. Алыстан қарап тұрар таулар күндiз,Көшеде самсай өскен баулар құндыз.Бағандардың басына қалған iлiнiп,Авторы жоқ аспаннан жауған жұлдыз. Тұрғындары - ғажайып кеншi халық,Алматыға елiктер өршiл алып.Ақтауың да ержеттi.Келер жазда,Алатау-ай, Ақтауды көршi барып.