ВЕРНУТЬСЯ

Ару-Ақтаудың 30 жылдығына-------------------------------------Киелі, Далам, Маңғыстауым менің,маң басқан нарлар,маңғаз мұнаралар,асау айдын менаңызақ шөлдің,кәрі таулар меншағыл құмдардың,наркескен мінезмарғасқа ерлер ментүзде жортқантағы аңдардыңОрдасы,Бақыт пен байлық,атақ пен абырой,даңқ, мерейдентасынып, тасып,толып бір жатқанарнасы,Ақтаудай сеніңазамат төліңарқасын кеңге салып бір,Жиырмаға толғанжас арулардыңболғандай бұла құрдасы.Ақтауың сеніңақ мәрмәр кейіп,ақшулан толқынжартасты сүйіптолқиды,Жаға-жайлардашағалалардыңшаңқылыменен,аққу-қаздардың қаңқылымененқиялың жүзіп,ойыңыз алыс шалқиды.Ақтауға келсеңарманның қалқыпсүңгуір сындызаулаған жүйткіпқайығыменен,Сырласқың келерсымбатты, сұлу,сылқымсып күлербұралған сиқыр қайыңыменен,Ақтауым меніңәсемдігіменәлемді арбап,атағы шарлапжүр кезіп,Ару қыздарғажарасқан жұбыадай кескінді,арда мінезді,азаматтық пен мәрттікке дәйімсай ұлыменен! Ақтауым меніңотты да ойлы,сұңғақтау бойлы,жас жігіт сынды,зәулім биікке өрлеген,өздік өрнекпен,еңбек-бейнетпенмүсіні сом боп,мәрттігі зор боп,зейнетін көріп ерлеген.Ақтауым меніңалыс шақырымдарға,шет жұрттарғашығатын алтын қақпадай,Ақтауым меніңқыран тәріздес,сұңқар қаладайҒарышқа құлаш сермеген. Ақтауға келсең,адамды көр сенжаятын құшақ айқара,Шұғыла жүздішуақты жандарсезімді тербер қайда да.Ақтауым менің –ырысы менен берекесі де,ынтымағы мен мерекесі де,ырзығы мен рахаты да,шапағаты мен ұлағаты дабай қала. Ақтауым менің-арман мен жастық,береке, достық шаһары,Ақтаудың таңыалаулап атаршашылып алтын шапағы.Көресің мұндажымдасқан білек,жарасқан көңілсан ұлттың сері-жампозын,Көресің мұндакәрі мен жасты,көргені көлдей Атаны,керексе берер батаны. Ақтауым менің-әруақты жердіңәйгілі елдіңбауырынан өнген жайсаңы,өзгеге намыс бермеген өршілөжет те ердің қайсары.Көрсең де қашанқарсы алар сенікөңілмен көктем жайдары,Жас жігіттейінжелпініп тұраржел ескендейін айдары. Ақтау қаладан-көрегендік пен көрікті,сәулеткерлік пен өрлікті,еркіндік пенен ерікті,жасампаздық пен шеберлік,биіктік пенен тереңдік,табасыз- бәрін табасыз,өлместей мұра-өнерді. Еліңе еңбек етпесең,Биікке самғап жетпесең,Бас қамын ғана күйттесең,Халқыңа қандай қайырың?Ақтауда тұрған жұрағат,Сөзімде болса ұлағат,Қайрасын сізді шайырың. Маңғыстау деген мекендеАстана –Ақтау екен де,Айналып келсең жер жүзін,Ақтауға сәні жетер ме?! Тұрып ап сондай шаһарда,Ер жігіт тыныш жатар ма?Еліңнің ойла, дос, қамын,Ілессін десең қатарға. Тұрғанда заман алға озып,Ілгері ұмтыл, қол созып.Еліңнің ойла қамын сен,Кетпесін десең жер тозып. Жоғалтпай ұлттық нәріңді,Дәстүрің менен дәбіңді,Құлшына дәйім өмір сүр,Сындырмай мүлде сағыңды. Ақтауым – мәрттік қаласы,Ақтауым – шаттық қаласы.Әлпештеп оны өсірген –Маңғыстау – қазақ Даласы!Маңғыстау – ата-анасы!!! Отызға толып жасұлан,Дариядай көңіл тасыған.Ақтаудың асқақ тұлғасы –Жаралған ақық-асылдан,Көрген жан – бәрі бас ұрған. Қолдасын сені Тәңірім,Өшпесін алау-жалының,Қошқар-Атаға жерленгенӨлі әруақтардың да бәрінің – Рухы сені қолдасын,Қуат ал содан, бол басым.Жүрсін деп жұртың жыр қылып,Ақтаудай аппақ ордасын,Өлеңнің селін ақтардым-Бойыма шабыт қонғасын...1993 жыл

Автор: