ВЕРНУТЬСЯ

 Ақынбыз
біздер

Өмірдің
ерке қонағы,

Көшеміз
ертең

Көгілдір
аспан оңады,

ХХ
ғасыр жабады қатты есігін,

ХХІ
- де де өзімдей біреу болады.

Қас
ақын болсаң

Қай
жақта саған жоқ өлім,

ХХІІ
- де де  өзімдей біреу көремін.

Тұрпаты
бір де тілі бар басқа бір жігіт,

ХХІІІ
- те жазып

Оқиды
отты өлеңін.

Қыратпен,

Шөлмен,

Өзенмен,

Қырмен,

Алаңмен,

Ғасырға
ғасыр жеткізіп салып алар дем.

Ойым
мен бойым,

Көзім
мен сөзім жетпейтін.

ХХҮ
ғасыр кім болып барам саған мен.

 

Зулаған
уақыт,

Шулаған
сырлы ормандар,

Күңсіген
құмдар,

Сыңсыған
сырлы қорғандар.

Сендерден
өтіп,

Саңлаудан
түскен сәуледей,

ХХХ
ғасыр өзіңе жетсем.

Не
арман бар.

Кетермін
мейлі

Топырақ
болып,

Құм
болып,

Бұл
дүниеден

Кім
кетпей жатыр,

Кім
келіп

Ақынның
ғұмыры

Жылт
етіп сөнген ақ сәуле,

Ақынның
рухы,

Мәңгілік
қалса нұр беріп.

***

Ақындар
менің ойымша,

Жұп-жұмыр
жердің жүрегі.

Жүректің
үні жойылса,

Жер
қалай өмір сүреді.

Таулар
ше?

Сөмпек
иықты,

Баулар
ше?

Тартар
күйікті.

Теңіздер
шулап жылайды

«Ақындар
жоқ қой сүйікті».

Білмессің
таңның атқанын,

Сезбессің
күннің шапағын.

Жаңбырдың
жауып жатқанын,

Дүниенің
сырлы мақамын.

Көкжиекке
асып күн иегін.

Телмірер,

Жай
жоқ күлетін.

Ақын
жоқ,

Адам,
дүниенің

Қос
тілін қатар білетін.

Өзгеге
бітпес ол жүрек,

Ақынның  бәрі - ұлы ақын.

Дүниеге
түгел елжіреп,

Сары
майдай еріп тұратын.

1974-85 жылдар.