ВЕРНУТЬСЯ

Биiктiктi сақтау да бiр күш еңбек,Сол еңбекпен қайнап, бiз де пiсер ме ек?!Алатаудың ақ шыңы тұр айқайлап,- Жалықтым мен, ендi жерге түсем, - деп. Сағынышы ыстығымен өпкендей,Ол ыстыққа Мұзды мұхит кепкендей.Жанарында мөлдiрейдi бiр тамшы,Ол тамшысы - Балқашты әкеп төккендей. Сағынасың.Мұңыңды айттың тасқа да,Шырша-шырша кiрпiгiңнен жас тама.Махамбеттер құмы үшiн жан қиған,Сен де шыда! Биiгiңдi тастама. Түсiп кетсең, бұлақ шабар қапталдап,Найзағайлар iздер сенi оттарды ап.Ал бұлттарың кезер жердiң асты-үстiн,- Алатауды жоғалттық! - деп аттандап.Сұрауың - бар.Ол да бақыт қылаусыз.Асқақ өмiр орнатам деп бұғаусыз,Қара жерде жүрген талай ерлердің,кезiнде арты қалған жоқ па сұраусыз. Гүлдерiң бар жанарынан жаз тамар,Биiгiң бар қарай-қарай көз талар.Түссең, ешкiм өзi түстi демейдi,«Оны Аспан лақтырған!» деп сөз тарар. «Лақтырған!» - деп сөзден сөзге өседi,Ғасырлардан ғасыр аттап көшедi.Сөйтiп тауды жер қылып бiр тынады,Бiзде таудың аздығы да осы едi.