ВЕРНУТЬСЯ

Өмір қоя бермейді өркендетіп,Кешегіңе айналар ертең кетіп.Әзәзіл келіп сені бауыздайды,Көзіңді құралайдай мөлтеңдетіп. Қыс пен көктем,жазың мен күзің қалар,Бауырымдап ұлың мен қызың қалар.Үшің өтіп,ертең-ақ жетің өтіп,Жыл жуықтап,қырқың мен жүзің қалар. Осы менің айтқаным анық хабар,Ештеңе жоқ өлем деп арып талар.Хан,сұлтандар,патшалар жүрмес пе еді,Сұм ажалдан күш болса алып қалар. Не батырлар кетеді әскерімен,Әкімқараң жөнейді...пәстерімен.Саябақтар құлайды бақшасымен,Шығайбайлар жылайды ақшасымен. Жақсылар көп кезінде гүл көрмеген,Гүл беруге ел  мен жұрт үлгермеген.Салтанат құра ғой деп жұртқа лайық,Бәлкім оған әкесі пұл бермеген. Мен де ақынның бірімін арманда өткен,Арман қуып, қайтпадым алған беттен.Алдымнан сағымдай боп қол бұлғайды,Ба-а-яғы Байқожадан қалған көктем!..                              Ақпан,2009 жыл