ВЕРНУТЬСЯ

“Шіркін өмір болмағандай бір күнгі,Дәм жазбады-ау көруге атажұртымды”.Осылайша әкем кейде мұңданып:“Туған жерім- Форт- Шевченко”- дейтін-ді. Балалық-ай көңілменен құлаған,Аңтарылып қарайтынбыз біз оған.Сезбедік қой сағынышты сарғайтқан,Ұқпадық та жан-жүрегін жылаған. Зейнетіңнен бейнетіңді көп көрген,Жарты жасын жат өлкеде өткерген.Менің әкем көп боздақтың бірі едіТуған жерге аяқ жетпей, шетте өлген. ... Маңдайыма жазсын, мейлі, қиын сын,Баба рухы бойға күш боп жиылсын.Менің енді сұрайтыным тәңірден –Атамекен топырағы бұйырсын!