ВЕРНУТЬСЯ

Қара шашың – қара түнге малғандай,Көйлегің көк – көк теңізден алғандай.Бала күнім, жүгіресің соңымнан,Бақытыңнан сен де адасып қалғандай. Жетелеген арман қайда көк қасқа?Тірлік мынау – анда-мында ап қашпа.Бала күнім,маған жақын келе алмай,отырасың көк таста. Өмір деген –Ескегі жоқ желқайық,Арамызды сағынышпен жалғайық.Кете бардым мен баламды жетелеп,Ал сен қалдың суретте сарғайып.                * * *Маусымның күні-ай кешегі,Ақ нөсер құйды шелектеп.Шөліркеп тұрған көшені,Тамшылар сүйді өбектеп. Жуынсын бір сәт сүйікті ел,Жуынсын қала – аяулы.Заманды мына жуып бер,Қап-қалың беті бояулы. Көшеңде бұлақ жарысты,Қолшатыры жоқ қалам-ау. Денеме көйлек жабысты,Малшынып мен де барам-ау.Ақ нөсер құйдың тосыннан,Тамшылар ашты майданды.Ары да бері ағылған,Көліктер көлге айналды. Жан-жақтан тамшы-ән қамап,Көңілім бұлай өсер ме!Шашымнан жаңбыр сорғалап,Айналдым мен де нөсерге. Басылды жаңбыр бір демде, Бұлт қашты тастап аспанды.Азат күн қайта күлгенде,Тіршілік қайта басталды.                    *  * *Бұл дала сексеуілді сәні қылған,Қаңбақтар үзіле сап тамырынан,Итжеккенге айдалған қазақтардай,Жел айдап жөңкіледі сары қырдан. Күз келіп, қона кетті көне жерге,Қар ма, жел ме – бәрібір төбелерге.Түйелер ыққа қарап жатып қалған,Ұқсайды сынып тұрған кемелерге. Ой-сандықты өлең кеп ақтарады,өзіне ұнағанын ап қалады.Мен туған дәлу айы – ол да жетті,Күнтізбеден лап қойып ақ бораны. Қалың қар естен кетпес, дала – күртік,Аспан да тұрар өңі алабұртып.Әкеміз аң аулайтын Уәліде,Қасында – қара ауыз ит, қара мылтық.Уәлі бұл, жоқ мұнда тоғай, тал да.Тек тарих бар кететін талай таңға.Қалмырза інім – бір төмпек. Құлпы тастаәлі тұр әкем салған адай-таңба. Сау-саламат тұрмысың хан мазары,өмірдің тез тарқар деп қан-базары.Енді, міне, біз жүрміз сол базарда,Бізге ауған тіршіліктің бар назары. Бұл жердің қысы ерекше қатал еді,Аң таң да тоңып зорға атар еді.Аппақ қыс,Қара мая,Қос метеймен,Шешеміз су әкеле жатар еді. Туған жер тау-тасымен кетер демеп,Ұлы өмір, өкінесің өтем бе деп.өкпем өшіп ілгері жүгіремін,артта қалған күндерге жетем бе деп.                       * * *Желбіреп тағы шықты шаттана күн,Ақ құм оған төсейді ақ тамағын.Көңілдің көз тоқтамас шөлінен мен,Күні бойы шиырлап жоқ қарадым. Арман деген кеп-кеше теңіздей-ді,Бүгін көңіл сол жерден көл іздейді.Сары құмды сапырып олай-бұлай,Жел осы құм ішінен нені іздейді? Ол білмейді нені іздеп жүргендігін,Мен де ештеңе таппадым түзден бүгін.Сай-сала неге жым-жырт қалып жатыр,Неліктен қуанбайды гүлдер бүгін? Күн ысып,тұр тағы да қайнағалы,қыр жаққа сары сағым байланады.Жүндей боп түтілсең де жүнжіме деп,қолда ұршық жіп ширатып айналады.                       * * *Көкте жүзге жалқын айды кешемін,Ернеуінде қалқып тұрды ол көшенің,Жұлдыз көкте жарқырайды-ай,Білмейді-ау,Жанып-жанып таң атқанда өшерін. Көше кетіп бара жатыр жарқылдап,Сен де өтерсің ой-санада даусың қап.Қалғып кетті күні бойы ермек қып,Кептерлерді жүз санайтын салқын бақ. Жұлдызды аспан!Жұлдыз қандай көп еді!Қап-қара түн қызыл гүлге төнеді.Ойда-жоқта табылатын шумақтай,Трамвайлар түннен шыға келеді. Шумақ іздеп шыққан жоқ ем көшеге,Бүгін бір сөз айтпақ едім кешеге.Айтпақ едім...Ешнәрсе де айта алмай,Келем тағы,Жылдар өтті нешеме. Жылдар жылжып солай кете бермек пе?өткенін тек жұлдызды түн көрмек пе?Бір сөз айтсам деген едім...әттең, олжатыр әлі тербетіліп жөргекте.                 * * *Күндерім мынау – көшпелі,Тарихтың желі соқ алдан.Шындықтың жаяу әскері,Лап қойды жылнамалардан Керенау жылдар үзіліп,Жаңа заманымТартып бір мінді ат жалын.Тарихтың том-том кітабы шықты тізіліп,СарбаздарындайТомирис сынды патшаның. Тарихтың тасын ойған кім,МаңғыстаудаАдайлар шыңырау қазғандай?Шабылған басыңдыОрнына қайта қойған кім?Дүниеқарай қалды ғой қозғалмай. Күш қайда енді бөгейтін,Томиристен Кир патша да жеңілген.Сақтардың рухы жебейтін,Қазақтың тілі,Түрегел енді кегімнен.Есіңде бар ма талқан-ой,Тарыдай қашпай тұра тұр.Адыра қалып арқа-бой,Көміліп қалған мына тіл. Шайнап та тастапбодандық атты бұйданы,ырзығы болып жиғаны,сенің де бодан-заманға,қойың сиғанмен,ойың симады. Сақ деген атын сақтаған,Әділдік іздеп ақтаба,Дунай мен Қаптың тауынаЖетіп бір әрең тоқтаған. Сол заман бүгін тірі әлі,Сандықтан шықты жыр-әні.Жарты әлемді алып тұрғанын,Дәлелдейді бұл Тіл әлі.                      * * *Найзағай жүр аспанды сызып көріп,Аспан тұр тырналарды тізіп көріп.Құйын жүр құйындығын қызық көріп,Көңіл тұр өзін өзі бұзып көріп. Көңілім – қырық құрақ құралғандай,Құралады... тірлікке құмар қандай!Ақ күшік алысады ойын құмар,өзінің иттігіне қуанғандай. Жылдардың иығындағы жадағай-күн,Түймең боп тағылуға жарамаймын.Бүгін –Соны ұғынған күнім менің,Шақырмай-ақ қой мені, самал-айдын.Жүгі ауыр боп тоқтаған көш те емеспін,Таң да емеспін,Түс те емес,Кеш те емеспін.Айналып ұшпа мені, ақ шағала,Дос та емеспін ешкімге,өш те емеспін. Кетші деймін, шағала, сезімді ілме,Мен, немене, сендерге теңізбін бе?Теңіздікті берген жоқ маған құдай,өзім жүк боп келемін өгіз-күнге. Мұңды өлең!Оның жұртқа керегі не?Тыныштық бер жапырақ, терегіңе.Тірлік қуып шаршаған бүкіл әлем,Жұбанып тұрса деп ем өлеңіме.                   * * *Он көшіп, он қонады аспан-құда,Шақырды таулар желді бастаңғыға.әр дыбысқа елеңдеп нені іздейді,даланы аралаған тастар мына? Көбелектер гүл деген шоқты айналып,Ақ бұлақтар өз өзін сақтайды ағып.Қара жол неге кері қайтпай қалды,Топ қамысқа өзі өзін мақтай барып? Өзін өзі мақтауға жарады ма?Еш дерек айтпады қыр самалы да.Орыс болсам деп жүрген қазақтардай,Қамыс болып кетуді қалады ма? Қамыс оны ала ма қатарына,Қамыстың табанында жатады да.Қамыс емес,қара жолдың жолдығы керек еді,Бізге тек осынысы батады да.