ВЕРНУТЬСЯ

    Терезеден телмірем отаныма -

Cap далама, адырлы, жоталыма.

Жүйткіп аққан пойыздың сыртылына,

Дүрс-дүрс етіп жүрек үн қосады да...

Көз жетер жер жақындап, демде келіп,

Шыр айналар, дүние дөңгеленіп.

Бір үй бар-ау тарыққан, сол далада...

Мазалайды жайсыз ой, кенде келіп...

Бір үй бар-ау, жотаның аржағында...

Тұрмыс тұр ма жоқтықтың жар жағында?..

Түзы, суы бар ма екен байғұстардың,

Қонақ күте ала ма барғанында?..

Қанша мезгіл маңдай тер төккеніне?.

Өмір сүрдік дей ме екен, текке міне..

Ұл-қыздарын ұшырып үлгерді ме?..

Шаруасы шайқалып кетпеді ме?..

Бұ заманнан, Алладан тілегі не?..

Бұ тірлікте сенгені, тірегі не?..

Жақсылық деп зарыға күткен хабар,

Қадалмай ма жебе боп жүрегіне?..

...Сол бір үйді жотаның жанындағы,

Даладағы, шөлдегі, сағымдағы -

Желей көрші, ей, Алла, жебей көрші,

Тайып кетер басымнан бағым тағы!..