ВЕРНУТЬСЯ

      Сен
едің бір өлкенің бойжеткені,

Қалайша
тыя алмадың: "Қой!" - деп мені?!

Өзіңмен
серуендеп келгеннен соң

Санамнан
мазасыз бір ой кетпеді.

Сол
бір ой жетеледі сан салаға:

Білмедім
күй шерте ме,

Ән
сала ма?

Әйтеуір
мазалады ұйқы бермей...

Қызығы
бұл өмірдің қанша ғана?!

Қызық
сол - ойда-жоқта кезіккенім,

Қарғам-ау,
сен де мұны сезіп пе едің?

Алғашқы
танысқанда-ақ күліп тұрдың,

Қашпадың
маңайымнан безіп менің...

Төсеген
батырларша оққа жанын, -

Мен
сені ұстадым
да...

Ноқталадым...

Кеудемнен
итермедің сен де мені,

Айтқандай,
сауалым бар, тоқта, жаным!

Сәтте
сол жанарыңнан мұң арылған,

Сүйдім
де, қуат алдым Тұмарыңнан!

Сүйкену
қажет пе еді сендей жанға,

Аққудай
ажырап қалған сыңарыңнан?!

Жолығар
қыз да бәлкім,

Жесір
- кейде:

"Жем
болған көрінгенге - есіл бейне!"

Дер
ме екен, сұрап
көрші тұмарыңнан,

Қатемді
кешіре ме?

Кешірмей
ме?!

Кеше
ме, сұрап көрші, кешпейді ме?

Бұл
заман тойдыра алмас мешкейді де!

Сұраса,
сен оған айт:

"Ақындардың

Жүрегі
мәңгі-бақи өшпейді!" - де!

Көрсін
олжам-отымның
маздағанын,

(Бар
шығар пішінімде аз ғана мін!)

Ол
үшін бойтұмарың
кек тұтпасын,

Ол
үшін, сен де ақылдан, азба, жаным!

-
Тегінде, бақытты адам
- тату адам,

Құдай да
килікпейді батып оған! -

Сәтті
күн жолығып ек...

Өлеңменен

Өзіңе
бата берді - Ғафу ағаң:

"Түсірген
адалдыққа, оңбас - қылау,

Алмайды
адал болса, жолдасты жау!

Маңдайың
жазық екен...

Көзің
- нұрлы!

Түбінде
бақытсыз қыз болмассың-ау!"

Кітапқа
жазды осылай автограф;

Тұрғандай
әр жолынан бақ көрініп:

-
Қарасын тірлігіңе - дос қуанып,

Жыласын
іші күйсе - жат қорынып?!

Мәз
болдың осы сезді есіттің де,

Кеткендей
бақ-дәрежең есіп мүлде!

Әлде
сен бақытты іздеп асықтың ба?

Әлде
мен сол бақыттан кешіктім бе?

Бақыттың
бірі - үміт те,

бірі
- күдік!

Тәйір-ай,
жатқан кім бар мұны біліп?

Мен
саған бақыт сыйлап жүре алмасам,

Қайтемін,
еркек болып...

Тірі
жүріп?!

Кейде
бір жаныңды аяп,

Толқисың
текке небір:

Қамшының
сабындай-ақ

Қып-қысқа
неткен емір!

Қыз
кетіп маңайыңнан,

Қу
тағдыр кінәлайды.

Ақ
тал шаш самайыңнан

Ұры
итше сығалайды.

Отырсам
бүгін ойлап,

Тілім
де күрмеледі.

Қыз-қырқын
күліп-ойнап

Қасымда
жүрген
еді...

Қайтіп
те күйінбессің,

Бірі
жоқ аңдыздаған.

Болмайды
үйімде ешкім

Кейде
мен жалғыз қалам.

Сондайда
ойланып мен:

Шаршаймын
- жаман әдет.

Күш-қуат
бойға біткен

Сарқылып
бара ма деп.

Басыңды
тасқа ұрғандай,

Сезім
де іркіліп бағады.

Нақ
соған қас қылғандай,

Қыз
біткен құлпырып барады.

Оған
шын сүйінемін:

Арудың
барлығы - әйбат!

"Әттең
тек дүниенің

Күйінем:

-
Тарлығы-ай!" - деп.

Күндізге
қайтем құмартып,

Қоятын
бойға жүк артып!

Тып-тыныш
ұйқым қанатын

Тұп-тұнық
айлы түн артық!

Керек
қой, керек
-

Түн
бізге,

Бағалап
түнді

жүрміз
бе?!

Тынығып!

Ұйықтап!

Тыңайып!

Оралам түннен күндізге.