ВЕРНУТЬСЯ

немесе  Адамзатқа ескерту               Поэма Қара жерде болар болса бір қайғы,Ақын жаны алағызбай тұрмайды.Қасірет көп,қатері көп дүниеде-Ақын қалай бақыт жайлы жырлайды?! Құлағың түр,беу,Адамзат ,даусыма,Қатты айтсам,түйреп айтсам апшыма.Иман іздеп,жан-әлемге ем іздеп,Ұқсаймын ба сарнап кеткен бақсыға. Құлағың түр,беу,Адамзат,үніме,Қарамайды деме  неге  түріне?Жер-жаһанның біле білсек ертеңі-Тапсырылған эстафета тіріге. Бәріміздің Адам-Ата тегіміз,Адам-заттың,Хауа-ананың еліміз.Қауашаққа  ақыл құйған Тәңірім,Ой-саналы Адам болу теңіміз. Жаратылыс-он сегіз мың ғаламда,Жанды тірлік жете алмайды Адамға.Нағыз Адам саналы да,сәулелі,Парасат пен парық деген бар онда. Кейде тасып,асып алыс кетеміз,Өзгелерге қоқан-лоққы етеміз.Хақ-Тәңірдің қолын ұстап тұрғандай,Оқшауланып үстемсиміз неге біз?! Құлағың түр,АҚШ,Ресей,Қытайым,Естілікпен бағың жанып,құтайың.Өркениет  көшін алға  апармақ,Тани білген Көк Тәңірі-Құдайын! Біле білсек,мына бізге жер ортақ,Біле білсек,мына бізге көк ортақ.Оны қанша алсақ та біз бөлшектеп,Ұлы өмірден табылар-ау көп ортақ. Табиғаттың  тін-жүрегін жаралап,Тауды бұзып,тасты жардық таласа.Теңіздердің тереңіне бұрғы сап,Ормандарды кескіледік аралап. Жер қойнауын тілгіледік,иледік,Мұхиттарды,мұзарттарды биледік.Жетіқат жер астын тегіс қазбалап,Адамзатты Адамша біз сүймедік. Өрлегендей өркениет көшіне,Қала салдық,қару жидық көсіле.12 қыркүйекте, АҚШ-таУақыт сабақ салды сенің есіңе! Бүтін әлем дағдарысқа кезігіп,Күштілердің күшейгендей сезігі...Әлсіздердің азайғандай төзімі,Ырық бермей кекке толы сезімі!.. Кей-кімдегі ой –адамзатты билемек,Түптің түбі  құрдым кетіп күйремек.Бүкіл Әлем бара жатса адасып,Дей алам ба : «Қазағыма тиме тек». Адамзаттың болса да алтын ғасыры,Адамзаттың болса да сан асылы,Адамзаттың аз ба небір тасыры,Ей,Адамзат,есіңді жи,асылы!.. Жан-жағымда соғыс өрті тұтанып,Іштей өзім күй кешемін құсалық.Державалар алысқа көз сүзеді,Теріс пиғыл тізгініне тұсалып. Ізгілікке тұрар едім іш тартып,Өркен жайса,махаббат пен құштарлық.Бір-біріне көз алартқан бұл әлем-Тұнып тұрған  ішмерездік,іштарлық. Бұл өмірден табылмастай дос керім,Менің осы дүниеден сезгенім.Бәрінің де ойлайтыны бүгінде:«Байлық қайда,кілті қайда өзгенің?» Әркім аулақ тігіп алып ордасын,Қымтайтындай  шарғасынша қалқасын.Жер-жаһандық төніп тұрған қатерлер,Адамзаттың болашағы –арға сын. Ақын болсақ.мына бізге тіл шығар,Бір күндері бұл замана қырсығар.«Талай-талай жер астынан жік шығар,Жік шыққанда қос құлағы тік шығар». Бәрі жақсы дей алмаймын,дей алман,Бұл сөзімді құп көрер-ді бір Аллам.Заманақыр болар кезде демей ме,Адамзатың шығар ессіз құмардан. Құмарлығы –біреулердің нәпсісі,Құмарлығы-азайғаны арлы ісі.Құмарлығы-өктемдік пен озбырлық,Қорқытпастай Құдайдың да қарғысы! Тоқтам айтар таусылғандай ақылман,Үркердеймін мен осынау ғасырдан!Адамзатқа абай бол деп айтуға,Алла өкілі –кім бар басқа Ақыннан! Абай болшы,абай болшы,Адамзат,Ақымақтық - бұл өмірде саған жат.Жарты әлемді сабасына түсірген,Цунамилер,сілкіністер жаман зат! Мен қорқамын,шақырамын сабырға,Беу,Адамзат, суғарыл сен ақылға.Ақырзаман ауылынан алшақтап,Бақытзаман ауылына жақында!Түйін түйіп Ұлы Өмір хақында!!!

Автор: