ВЕРНУТЬСЯ

    Қызықты
шақты жасымда,

Өткізіп
аппын текке мен.

Сол
үшін алғы ғасырға

Тезірек
жетсем, деп келем.

Күтсе
де шалғай қала жақ,

Кезінде
сапар шекпеп ем.

Сол
жақты енді аралап,

Көзіммен
көрсем,
деп келем.

Қарысса
біреу, қарысып,

Өш
алдым кейде кекпенен.

Солармен
қайта табысып,

Достасып
өтсем, деп келем.

Байыптап
әбден болжасақ,

Күнелтер
біреу еппенен.

Соларды
дұрыс жолға сап,

Қатарға
қоссам, деп келем.

Жалқау
мен арамтамақты,

Жауымнан бетер жек көрем.

Адалдық
жайлы сабақты

Соларға
ексем, деп келем.

Адамнан
адам кем деме,

Айырма
болар ептеген.

Қиындық
көрген пендеге

Қол
ұшын берсем,
деп келем.

Далаға
мынау, төсі
құт

Дәнімді
бұрын екпеген,

Қолымнан
келсе - өсіріп

Еліме
берсем, деп келем.

Адамдық
деген есімді,

Ақтасам
болды, деп келем.

Жамаңдық
деген кесірді,

Күтпесін елім тек менен!