ВЕРНУТЬСЯ

    Қаумалап
жүрген
басында.

Достарым
менің көп-тұғын.

Қарасам
енді қасымда,

Біразы
соның жоқ бүгін.

Солармен
жаным көктеді,

Соларға
үміт көп
арттым.

Қасымда
бүгін
жоқ көбі,

Білмеймін
қайда жоғалттым.

Түсінбөй
соған аң-таңмын,

Құпия
қандай бар мұнда.

Бораны
соғып қаңтардың,

Адасып
содан қалдым ба?

Орынсыз
кейде айтысып,

Шегіне
соның жеткенде,

Найзағай
ойнап, жай түсіп,

Өртеніп
әлде кеткен бе??

Намыс
пен арың үшін де,

Жүресің
кейде таласып.

Осындай
тартыс ішінде,

Қалдым
ба, бәлкім, адасып?

Ол рас. Өзім шеттедім,

Досымның
бірін жақтырмай.

Білемін
неге кеткенін,

Бір
достың
бабы таптырмай.

Біреуі
кетті:
"Өстім"-деп,

Кеудесін
қағып
асқақтап,

Қорыққан
одан
ешкім жоқ,

Қорғанып
жиі
бас сақтап.

Кермедім
үнсіз
жалпылдап,

Орынсыз
жерде
именіп...

Қайықша
жүзген
қалтылдап,

Жан-жаққа
кетіп сиредік.

Сөйлесе
сикыр-сайтан боп,

Қайырдық оның
қақпағын.

Махамбет
кұсап айтам деп,

Көптеген
досқа
жақпадым.

Орынсыз
кейде мұңайтып,

Шын
достың жанын
ұқпадым.

Сынамас
жерде сын
айтып,

Көңілінен көптің
шықпадым.

Бар
шыным осы, ағайын.

Ол үшін мені соқ мына.

Кейіттім достың талайын,

Оларда, бәлкім, жоқ кінә!