ВЕРНУТЬСЯ

Сахна ғой ұлы өмiр,Ұлы өмiрде әртiс болып жүре бiл.Көз жасыңа таңқалмайды ешкiмде,Сондықтан да Сахнаға күле кiр. Күншiлдiк жүр –Бақа көздi, қарға тiл,оған көнiп әлсiз де отыр, зор да отыр.Сахнада – саясаттың майданы,ал опера залда отыр. Оны өткiзбес шымылдықтың жартасы,Ұлы оркестр – музыканың қаңқасы.Сахнада өмiр кетiп барады,ұшқын атып айтыс-тартыс, жаңқасы.Бүгiн . . .мейлi, құл бол, күл бол, шығындал,Ертеңгi өмiр, ертең ғажап күнiм бар.бүгiн өмiр сүрiп көрген жоқпыз бiз,Ертеңiң бар!Бүгiн төзе тұрыңдар! Ертең деумен ғасыр бiттi, қиын-ақ,жалаңаяқ үмiттен нұр құып ап,Сахнада боран кешiп жүрмiз бiз,Етiк жайлы ертегiнi киiп ап. Ертең мен де етiк кием, шыдап тұр,Сахнада – тек саясат, құлақ түр.Ертең күлем деген ұлы сенiммен,Босағада комедия жылап тұр.