ВЕРНУТЬСЯ

   Өткерер бастан не күйді,

Сөнгенше ғұмыр жалыны.

Тепкіні көріп бекиді,

Тастардың қара тамыры.

Ей, тағдыр! Дүлей толқының,

Ой-кеме сенде адасты.

Сәнімді мұзбен шарпыдың,

Есікті мұң да сан ашты.

Сен емес бізді кемітер,

Жүзіңді көрдік жүз үнді.

Бір тамшы бақыт ерітер,

Шеңгелдеп берген мұзыңды.

Талайлар өтті тау сынды,

Қасқайып шыдап кәріңе.

Батырдым кермек даусыңды,

Гүлдердің қызғылт дәміне.

Ақ сәуле іздеп түнектен,

Сандалып ойым сан барды.

«Нәзіктігі жоқ жүректен,

Мықтылық іздеп нем барды».

Деп талай мен де түңілдім,

Сұрақтан сұрақ басталды.

Алау күн іздеп жүгірдім,

Жұрт...Ізденуден қашқан-ды.

Рас, Сен іидің менменді,

Мұң жайлы қалды қанша аңыз.

Жылаттың қанша пендеңді,

Жұбатшы ал мықты болсаңыз.