ВЕРНУТЬСЯ

"15 тамыздаҚостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикаинститутын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясынбасқарды, "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары,"Жазушы" баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. 1968-1973жж. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973-1989жж. "Жұлдыз" журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығыныңпрезиденті болды. 1954 жылы оның "Құрдастар" атты тырнақалды жинағыжарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты.{mospagebreak}"Дала қоңырауы" (1956) поэмасы, "Жер астындағы жұлдыздар"(1965), "Қанатты жылдар" (1973) сияқты жинақтарын,"Беласар" атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады."Жұлдызды тағдырлар" не атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылыҚазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Оның қаламынан "Елтінжал","Ақ желкен", "Үш қиян" повестері, талай-талай мақала,очерктер туған. Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың,Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің,Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды. Көптегенәңдердің өлеңін жазған.ҚазақстанныңХалық жазушысы (1992). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980). ХалықтарДостығы орденімен, "Енбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.  "

Ғафу