ВЕРНУТЬСЯ

    Соғыстарға, ей, ғасыр,
жол бергенің,

Сойқандықты өзіңде жөн көргенің.

Бейбіт елді қырудан көз ашпады,

Көзмергенің,Қаптаған қол мергенің.

Әке көрмей,өсті ме ана көрмей ,

Адамдарға қойдың-ау сана бермей.

Соғыстардың өңеші
бітелмеген,

Соғыстарда қырылып адам өлмей.

Үн қосқаңдай дауылды дабылдарға,

Қаруды ойлап тапқандар ғалымдар ма ?

Жетіседі екенбіз,ей, жын ғасыр!

Ғалымдарың айналса залымдарға.

Көк жүзінде жұлдыздар
аққала ойнап,

Тіршілігін,қызығын
жатқан тойлап.

Енді, сірә,
қыруды көздеді ме,

Сұм ғалымдар
атомды тапқанда ойлап?

Күннің көзі
ашылса күрт көктеген,

Өңір қанша көгінен бұлт кетпеген?

Жұртты жаппай
қырғанда адамдардың

Беттерінен шошимын бүлк етпеген.

Биіктерден сыр тартып,тереңненде,

Жауап алам,
ендеше, сенен мен де.

Жауыздыққа,
адамдар бет бұрды ма,

Ақыл -ойы толысып, кенелгенде?

Темір сауыт кигізіп замандарға,

Caп
түзедің жасақ боп алаңдарда.

Кибернетика Ғасыры және сенсің,

Темір жүрек орнатқан адамдарға.

Адамдарың айналған содан, міне,

Қорсылдаған
доңызға,қабандарға.

Тірі адамның жегізіп асыл етін,

Қалмай, сірә, барады-ау қасиетің.

Қасіреті қырылған Самашканың,

Ей, жын Ғасыр!Сенің де қасіретің.

Бақыт, нұрын жалмаған жер үстінің,

Оқтар қанша шарлаған кеңістігін?

Қасіретің соншама жатыр асып,

Көп болғанмен, ей,
Ғасыр, жетістігің.

Ел мен елдің қан қырғын соғысқаны -

Ақыл-ойдың дейміз бет алысқаны?

Мұсылманға сойқанды соғыс ашқан

Heгe
қалсын төгілмей орыс қаны?!

Періштеден тап-таза бала қыздай,

Ойлан, Ғасыр!

Азырақ алағызбай.

Күнің бар ма аман-сау қойған сенің

Дүниенің сауырынан қан ағызбай?

Күнің бар ма жағаға жармаспаған,

Асылдарың
қалды ма дарға аспаған?

Айныдыңба, ей, Ғасыр?!

Бұл күндері

Алжымаған бар ма адам, алжаспаған?

Жер бетінде ел бар ма,

Құрлық бар
ма,

Бір-бірімен жыландай
арбаспаған?

Адам неге адамнан
түңіледі,

Қашан нұрлы
көзінен күн күледі?

Сен қатыгез болғасын,

Адамдарда

Қатыгез боп бара ма,

Кім біледі?!

Жамандықты маңына жолатпаған

Заман қайда ұятын жоғалтпаған?!

Таққа, баққа таласып,

Кісі өлтіріп,

Адамдары адамға оқ атпаған.

Қасіретті сен де елге жолатпас
ең,

Ғасыр болсаң қасиетін жоғалтпаған.

Қарға, құзғын секілді сұм Ғасырсың,

Қорғандардың басына қонақтаған.

Жалпағынан жалғанды
басып өктем,

Ғасыр қанша өзендей тасып өткен?

Жасық еткен халықты ғасырлар бар,

Адамдарды ғасыр бар асыл
еткен.

Елге, жерге қасірет көп шектірсең,

Жаратылған Ғасырсың
қасіреттен.