ВЕРНУТЬСЯ

   Жас
ана тербейді бесікті.

Хат-хабар
келмейді.

Кешікті...

Отыр
ол ұйқысын
төрт бөліп,

Кім
екен қағатын есікті?

Жолдасы
оқуға аттанған -

Жауап
жоқ жазылған
хаттарға.

Отыр
ол мазасыз ойланып,

Кім
екен есікті қаққан жан?..

Алдында
ұланы
- ақ бесік,

Әжесі
сарғайды хат тосып.

Әскерде
баласы!

Хабарсыз...

Кім
екен ақырын қақты есік?..

Хат
келсе сөйлесем,

кеңесем:

"Бәрі
аман,

жұрт
түгел,

ел есен!"

дейді
ол. Тілі жоқ!

Бірақ
та -

Хат тірі - тілі жоқ демесең!