ВЕРНУТЬСЯ

Шынында, Көкшетау табиғат-данышпанның мәңгілікке,
сұлулыққа арнап соққан ескерткіші ғой. Мұның құшағында жатып сен ылғи танда
тіршілікке құмар қалпыңмен оянасың.
Сені күн күймесінің сыңғырымен соны
қарсы алып тұрған сансыз қарағайлардың суылы оятады. Сенімен бірге таулар да
оянады. Дүние сарайының бүкіл жиһазы алдыңа кеп жайылады. Бірдемені алсын деп
емес, көзі қуансын - бірақ тимесін деп жаяды. Оған біз қараймыз ба, шыбығын таяқ
етеміз, жапырағымен маса кағамыз, көліне шыны, темір-терсек лақтырамыз,
шылымның сөнбеген шаласын тастап кетеміз. Тілсіз табиғат «оның не?» демейді, десе,
дейтін шығар - біз ұқпаймыз ғой.

Биыл жазда
Көкше өртенді. Жан-жағымыздағы ағайындары емес, тура өзі өртенді. Көз нанбады,
көңіл көнбеді. Бірақ амал не, ол шындық еді. Әншейінде тебесінде, тесінде
будақтаған бұлт екен - деп қарасақ,ол - өрт екен. Ғажабы сол - тура Көкше
шыңының етегінен басталған от, жалыны көзге көрінбей, жал қарағайларды шамасы
бес машина қатар жүретіндей көлемде куалай отырып, Көкшенің нақ басына шықты. Ол
жерде «Сайтан сырғанағы», «Жел қайық» болатын. Олар жалаңаш тас болған соң,
несін өртенсін. Жоғарыда вертолет, етекте сандаған машина, көп адам оттың сол
тура жолына бөгесін бола алмады. Айқас күн ұзаққа созылды. Бір сағат басылды
да, жұрт тарқай бере «алдадым» дегендей, қайта будақтайды. Жерден суың тау
басына жетпей қор қылады. Әйтеуір, басылды-ау! Абырой болғанда - өрт жан-жақа
шашырамай, әлгі бір жол, бір жалмен сырғып өте шықты. Сау қалған қарағайлар
басының жапырақтары үйтіліп кеткен, сап-сары жолақ болып ала бөтен көзге
түседі. Бейне адамның маңдайынан желкесіне тіп-тік тартқан ақ бел-беу шаш
секілді. Оны көргенде мұрныңа қоңырсыған иіс келеді... Кекшеге адамнан қайтқан
«жақсылықтың» түрі сол. Қабырғамыз қатты қайысты. Көкше орманда- ры талай өртті
көрген шығар, бірақ дәл Кокшенің езі өртеніп көрмеген болар. Жан-жақтағы
ғажайып сұлу- лықтың бәрінің әкесіндей, аруағындай Кекше мұндай болам деп ойламаған шығар... Ол қос қолын
аспанға көтеріп, көзі шарасынан шыға шошынып, тізерлеп шөгіп қалған шалға ұқсағандай
еді. Біз адам көзінің киесі бар, не бір туралап келген соққы тайып жүре береді
дегенді талай естідік қой. Иә, Көкше - тіршіліктің жинаған көзі екен. Киелі,
әулие Көкше бұл жолы туралап келген апаттан Аман қалды. Сөйтсе де ылғи аман
қала бермейді ғой, «менің ием - сенсің» деген Адам балалары болыспаса. Адамдар
бүйтіп беті- мен кететінін қайдан білсін.

            Мен осыны көріп, алуан ойға
кеттім. Дүниедегі жақсылық, игілік атаулыға қарсы шабуыл - тіршіліктің, адамдар
қоғамының белгілі бір заңдылығы ма екен? Жоқ, бүл - оның трагедиясы. Қазір
адамзат жаулары деп біз үғып, айтып жүргендерден басқа, өз ішіміздегі анда-санда
жылт ететін жаулық, қаскүнемдікті қайда қоямыз. Ғасырлар бойына сақтап келген халықтың
рухани қазыналарын, өзгеден ала бөтен асыл қасиеттерін, халықтық, ұлттық аяулы
мінездерін Аман алып қалып, әрі қарай жалғастыру, тіпті байыту - біздің
мөдениетті, саналы, білімді ұрпақтың борышы емес пе еді? Табиғат қорғау -
гуманизмнің бір саласы. Гума- низм - Адамды сүю, оны корғау болса, адам өзін
қор шаған табиғатпен адам ғой. Қазір Арал, Балқаш жайындағы тебіренген, толғанған
сөздер, мақалалар, оларды қорғап қалу жөніндегі ұсыныс, ізденістер айтылып
жатыр. Ал Көкшетау да солардың бірі емес пе? Қазақ өлкесінің мақтаныштарының
бірі емес пе? Адамды жоғалтып алып, жоқтау дұрыс шығар, бірақ ол мынау
аталғандарға келмейді.

Бұлар -
мәңгілік құбылыстар ғой. Мәңгілікке жаратылғандар үшін де қамқорлық керек
екенін біле бердік пе? «Олар бізсіз де болған, бола бередімен» келдік емес пе?
Тіпті дүние ешкімнің қолы тимегенде де бар болған, өскен, өркендеген табиғатқа
қолымыз тигендегі осы? Осынау хал нені аңғартады? Біздің моральдық, адамгершілік
хал-жағдайымыздың нашарлап кеткен дігінен хабар бермей ме? Өзінің
жан-жақындарына, адамдарға, өмір ортақтастарына
қайырымы жоқтар табиғатты қайтсын. Елдің жақсы туған, жақсы деп таныған, еңбегі
сіңген азаматтарына обал жасау, оларды жәй ғана міндет, борыш, салт болған
үлкенді-кішілі сыйлау дегендердің болмауы - бәрі осы бір айтып отырған
мәселенің түп негізі екенін ұқсақ керек еді. Бәрі де бір-бірімен байланыста.
Табиғат игілігін қорғай отыра пайдалану емес, бір кезде: «табиғаттың бермесін тартып
аламыз!» - деп айқай салдық. Табиғат емес-ау, осы психология, осы принцип
адамдар арасына көшті. Бір-бірінен тартып алу, біреудің несібесін біреу
жымқыру, қайткенде де алу психологиясы - бара-бара қоғамдық, ортақ игілікті әлі
жеткен, билігі, әкімдігі жеткендер
шамадан тыс пайдалануға көшті. Көкше жағдайынан көңілге келген ойлар осы
болатын.Біз табиғат музейі - Көкшені артқа тастап, тура солтүстікке, енді ашық
далаға шығып барамыз. Жазу шы Жанайдар Мусин жолшыбай елді-қоныстарды
таныстырып келеді. Батыс жақта жеке бір таулар, шоқылар манауратады. Бағытымыз
Чкалов ауданының «Қара ағаш» деген ауылы. Бұл ауыл - қазақтың белгілі ақыны -
Жақан Сыздықовтың ауылы. Біздің әдебиет класииктері - Сәкен, Сәбит, Ғабит ағалармен
үзеңгілес шығып, бірге өмір сүріп, бірге іс атқарған, олардың жастық, албырт шақтарына
куә болған, қызық өмірбаяндық хикаяттарын жырдай етіп ай- татын шежіреші,
аңқылдаған ақ көңіл ақындық Жаны бар, өз туысында тамаша бай кітапхана ұстаған,
туысқан татар, башқұрт халықтарының тілін де, әдебиетін де өте жақсы білетін
кісі еді. Оның «Майкөл тамы», «Әли қарттың әңгімесі» поэмалары ұзақ жыл мектеп оқулықтарында,
хрестоматияларда басылып, оқылып келді. Бұлар жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы халқымыздың бастан кешкен тарихи
кезеңдерінен елес беретін, тамаша шығармалар еді. Қырқыншы жылдардың ортасында,
біздің балаң кезімізде, Сәбит Мұқанов «Социалистік Қазақстан» газетінде
басылған «Жақаңның жазғанына жиырма жыл» атты көлемді мақаласында Жақаңның
ақындық, азаматтық қызметтеріне кеңінен тоқталған. Ол кезде ақынның, жазушының
қазіргідей мерзімді жасы емес, жазушылық творчествоның жолына қанша жыл
толғанын атап ететін дәстүр бар еді. Оған Сәкен Сейфуллиннің жазғанына жиырма
жыл толу мерекесі, орденмен наградталуы, қалың жұртшылықтың ол туралы жаппай
пікір айтуы айғақ. Ол өзінің туған өлкесі - Көкшетауды көп те әсерлі жырлаған
ақын.Міне біз сол Жақаңның ауылына - «Қара ағашқа» келе жатырмыз. «Қара ағаш» -
совхоз бөлімшесі болғанымен, қасында қанаттас совхоз орталығы да бар мекен.
Жан- жағы жал-жал орман. Оларға еңкейген күннің сәулесі түскенде, бастарына
алтын жалатқан керегелерге ұқсайды екен, қарағайлардың ұзын-ұзын көлеңкелері
бері келе тоғысып кетіп, мынау жасыл
шалғын алқапты қара барқытпен жаңа тыстап жатқандай көрініс береді.  Қарағайдан қиып салған, ендігі көне
тартқанмен, үлкен әулет шаңырағынан хабар беретін кең ағаш үйде салқын саяның
лебі еседі. Ауылдық жерлерде әулет адамдарының, ұрпақтарының суреттерін
қабырғаға жағалай іліп тастайтын салт болады. Мұнда да сондай ұйымшылдық,
ынтымақтық, бауырмалдық дәстүрді уағыздайтын
нәрсе бүл. Амандық, бүтіндік, семья, үй, шаңырақ намысы, ту-жалауы -
бәрісі-бәрісі көз алдыңа кеп, жан тебірентеді. Алыс-жақын жылдардың ізі елес-  теп, ұрпақ даусы құлағыңа келеді. Солармен
араласып, өмір кешесің, ойларға шомасың. Коркем ұрпақты көріп, тағы да Көкше
еске түседі. Табиғат пен Адам жайлы толғанасың. Олар бір-бірімен туыстар ғой. Бізді
Төлеген ақын Қажыбай баласы қарсы алып түр. Сыздық ақынның біз білетін балалары
- Жақан, Қажыбай, Қажымұрат. Қажыбай майданда қаза болған. Қажымұрат Сыздықов -
белгілі аудармашы, журналист. Қажыбайдан қалған екі баланың үлкені көп жыл осы ауылды
басқарған жігіт. Төлеген Қажыбаев аты мәлім ақын,
КСРО Журналистер одағының мүшесі, Көкшетау облыстық газетінің орынбасары. Мұны айтудың мәнісі - Жақан
әулетінің таланттылығы, жалғасып жатқан өнер дәстүрі жайлы айту.

Сұлу Көкше табиғаты
адамдарына да дарын дарытқан ғой. Бұл
өлкеден шыққан таланттар есімін еске алсақ - әңгіме ұзаққа кетеді. Сөкеннің
туған мекені Арқаның басқа тұсында болғанымен, оның азаматтық өмір мекені, жыр
арнасы, бесігі - Кокшетау болған ғой. Көкшені айтсаң - жұрттің бәрінің есіне
Сәкен түседі. Кокше өңірін таныстыратын экскурсия қызметкерлері - орысы болсын,
қазағы болсын «Көкшетау» поэмасын жатқа соғады. Ал бүл жерде шырқалатын барлық
әндер - сол Сәкен, сол Біржан, Ақан, Ыбырай әндері
болып келеді. Бәрінің тақырыбы біреу - Көкшетау, оның мәңгі сұлулығы жайында.
Сонда Көкшені ардақтау мен өнерді ардақтау бірге болып шығады. Көкшені қорғау
не, өнерді қорғау не - бәрі бір. Адам түгіл, мына қарағайлардан тараған домбыра ұрпақтары да осыны айтады, соны шертеді.
Сөйтіп табиғат пен Адам үйлестігі, гармониясы келіп шығады. Жақан Сыздықовтың
туғанына биыл сексен бес жыл толды. Соған орай Көкше азаматтары оның туған
совхозында мемориалдық музей ұйымдастырып жатыр. Жақаңның көзін көрген,
творчествосы қатар шыққан серік-жолдастары қазір аз қалды. Олардың ақын өмірінен
естеліктер жазып беруі керек-ақ- Сондай-ақ Алматыдағы тұрған үйіне де
мемориалдық тақта үйымдастыру артық емес. Оның творчествосын зерттеу, буын-буын
ұрпақтың есіне салып отыру жұмысы соңғы кезде жүрмей қалды. Өзге туысқан әдебиеттердің мұндай ірі өкілдері ұмыт
қалған емес. Қазақ поэзиясындағы Жақан Смақовтың алатын орны үлкен. Сөйте тұра
оған лайықты істер жасалмауы өкінішті-ақ. Осылай-осылай жылдар өткен сайын әдебиетіміздің сондай ірі
өкілдері ел есінен, жадынан оп-оңай шыға берсе, не болады? Мұра дегеннен ештеңе
де қалдырмауымыз мүмісін. Күтпесең, қорғамасаң - жер азады, су суалады, бұлақ
сарқылады. Оны көзіміз көріп отыр. Рухани дәулетіміз - әдебиет қазынасына да
жоғарыда айтып отырған қамқорлық ең алдымен керек қой. Қайта күру кезеңінің
адам санасындағы жаңғыру, сергу мәселесі осындай алуан-алуан толғағы жеткен
істерді козғаса керек. Әдебиет тарихын жасаушылардың өз міндеттерін қайта ұғынып,
қайта құратын мезгілдері туды. Салғыртсудан, керенаулық мең-зең  қалыптан арылатын кез жетті. Тоқырау
кезеңінің қырсығы тарихты, әсіресе әдебиет тарихын жасауда көптиді. Мұны жасыру
мүмкін емес.

Жақан:

Тал бесігім,ырғлып

Тербетілген
өлетрпен.

Қалын құйрық
қосаяк

Құдим талай
белеңнен.

Қалиң жыныс
бұйра тал,

Көк майсалы
алдында,

Көл түбінде
теңселген

Құмар едік
балдырга.

Асығушек  біз күтіп

Ел жайлауга алатын,

Аралаушы ек
әндетіп

                                         
«Қара ағаштыц» орманын, - деп жазған. «Қара ағаш» Жақанды еске алады, өзгенің де еске алуын
өтінеді.
«Қара ағаш» - қара шаңырақ символы.Бұл жерде - анау бір
әдемі дөңгелек көлдің басында Сәкен Сейфуллин «Қызыл отау» орнатқан. Онда қазақ
әйел-қыздары бостандыққа куәлік алған. Қалың ел сауат ашқан. Қалың кедей жер
бөліске кіріскен. Мәдениет ошақтары маздаған. Сәбит, Ғабит, Жақандар жаңа заман
жаршылары болып, өлке аралап, ат тұяғын тоздырған. Адам азатгығын жырласқан,
табиғат ажарын қорғасқан. «Қара ағаш» ормандары «рас, рас» деп шуласады. «Қара ағашта» қасиетті дәстүр бар,
яғни «Қара ағашта» ауыл бар...