ВЕРНУТЬСЯ

Ай қарайды тау жақтан қимасымдай,Ол енді шұғыласын жинасын жай.Жетелеп,Кетіп бара жатыр түнді,Қара жол Қара түннің бұйдасындай. Қара түн – жыр,Ақ таң - ән. Дауыс қандай!Қара өлең Ақ өлеңге ауысқандай.Қара нар желідегі түрегелді,Қара түнді өзі ішіп тауысқандай. Тауысты.Таң келді енді таусылуға,Уақыт солай есігін қаусыруда.Түс болды. Кеш те келді апыл-ғұпыл.Түн шашына көмілді тау-сұлу да. Уақыт-ай, қуар едім, жоқ қанатым,Таңды ұрлап әкелер ме шапқан атым.Осы болды-ау «дүние – кезек» деген,Қара нарды жұтты енді қап-қара түн.