ВЕРНУТЬСЯ

Көктем де жетті Қатон-Қарағайға,Мұндай жерді жәннатқа баламай ма?Үй басына бұлақ бар екен мұнда,Сонша бұлақ...Жұрт оны санамай ма?! Санамайды маралды дара мекен,Сұлулықты санауға бола ма екен?!Маңғыстаудың шөлінен үркіп келіп,Қарағайлар тауға өрлеп барады екен. Қайың жүр,Теректер жүр,Тал да мұнда,Көп ұлтты халық сынды –аңдадың ба?!Адасып бара жатты қып-қызыл күн,Маралдар мүйізінің орманында. Жер қайысып қазақтың маралынан,Дүсірлеп,Дөңгеленіп барады маң.Адасып кеткен анау қып-қызыл күн,Тауға жетіп үзілер сабағынан. Маралдар,Сені қорғап дала да әлек,Су ішіп тұрсың мына заманға кеп....Тағы да барып қайтам осы жазда,Маралдар, қара орманың аман ба деп.