ВЕРНУТЬСЯ

   Қажым Жұмалиев (1907-1968) 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданында туған. Филология ғылымының докторы (1947), профессор (1950),1946 жылдан Қазақ КСР ҒА-ның корреспондентмүшесі, 1967 жылдан академик. 1925-1932жж. Орынбор мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық техникумында оқыған. Абайатындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1932).   1932-1937 жж. осы университетте қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Алматыжоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаз болған.    «Ерғожа мен Егізбай» (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды асу» (1934), «Өміржыры» (1938). «Қырдағы күрес» (1957) атты өлең-поэмалар кітаптары жарық көрген.    Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері«Айқас» деген атпен басылған (1942). «Біржан-Сара» операсы либреттосының, «Арбасу»(Әбу Сәрсенбаевпен бірге) атты драмалық шығарманың авторы. Қазақ зиялықауымының алғашқы буыны туралы «Жайсаң жандар» (1969) атты естелік жазды.   30-жылдардың соңғы кезінен бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы ментеориясын зерттеумен шұғылданды.   Орта мектеп оқулықтары көлемінде әдебиет тарихын жүйелеумен айналысып, 8 - 9-сыныптарүшін қазақ әдебиеті оқулықтарын, «Әдебиет теориясын» жоғары оқу орындарыфилология факультеттеріне арналған «ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1967)оқулығын жазды.   Махамбет шығармаларын жинап, бастырып (1939, 1958, 1960), ақыншығармашылығына (1948), қазақ фольклоры мен әдебиетінің байланыстарына, Абайпоэзиясына арналған монографиялық еңбектер жазды. Көп томды «Қазақ әдебиетініңтарихын» жазуға қатысып, 2-томның редакциясын басқарды.             

Қажым