ВЕРНУТЬСЯ

  Тау мен Теңіз түзілген кереметтен,

Бірін - заңғар!

Біреуін - терең еткен!

Ақ бас шыңнан аса алмай бұлт жыласа,

Ақжал толқын астына кеме кеткен...

Тау басынан су тасып...

Теңіз тулап -

Жату үшін тегінде керек еткен!

Жел ойнайды күбірлеп ебелекпен,

Гүл ойнайды дірілдеп көбелекпен.

Қой қорқады қасқырдан - қорек еткен,

Ат қорқады бас шұлғып бөгелектен...

Бір-біріне тәуелді болу үшін -

Бұларды да тірлікке керек еткен!