ВЕРНУТЬСЯ

      Көшіп-қонып жүретін ертегі ізбен,

Оралатын қыстауға ерте күзден.

Алқа топта ән салған сері жігіт,

Табысатын түн ауа ерке қызбен.

Аңсап жатыр бабамды дала-дастан,

Ақ сәулелі қара түн, «тағалы» аспан.

Қалқатайын алдына алысымен,

Пырақтар-ай, кісіней ала қашқан.

Ерлік күтер туған жер бекеттері,

Емендердің желкілдеп етектері.

Ауыздықпен алысып ай туғанда,

Арғымақпен әкетем жетектегі.

Біз өткенде даланы жырға бөлеп,

Қозғал, таулар, дел-сал боп тұрма дер ек.

Жекпе-жек кел егер де жігіт болсаң,

Ту сыртымнан қанжарды ұрма кезеп.

Сипатпағын, жануар, сауырынды,

Егілмеген есіңе ап ауылынды.

Отты өлеңмен тоқтатам тосып тұрып,

Қуып жеткен соңыңнан бауырынды.

Қазақы той, сөз бар ма, жақсы бәрі,

Сарқырайды серінің тасқын әні.

Аттағанда сен келіп босағадан,

Жанарында анамның жас тұрады.

1976 ж.