ВЕРНУТЬСЯ

Көк теңіз жатыр балықтай тулап,Толқынды сүйреп шағала.Ереуілге шыққан халықтай шулап,Қамыстар қалды жағада. Қал мейлі.Сені аялар ақ таң,Көлін іздейін мен шабыттың.Күлкім бар шаттық. Мұңым бар – батпан,Мен өзім де бір халықпын. Ғасыр боп бүгін қарайды маған,Кешегі кеткен бұлақ-күн.Алдымды кесіп, орайды далам,Шапанын сүйреп сұрақтың. Сұрақтан қаштым, ән-жырға балқып,ағыттым сезім тиегін.Шілдеден шаршы орамал тартып,Жаңбырдан көйлек киемін. Сылтаудың бәрін тағдырға сілтеп,Көңілім көнген сыңайлы.Әттең-ай, бала-армандарым тек,Өлең ішінде жылайды.