ВЕРНУТЬСЯ

Қолымдағы сары жапырақ күз берген,Cағынышты айта-айта үзген дем.Мәні бардай өмірбаян шықпады,Ескі күнді жүз қайтара тізгеннен. Қолымдағы сары күзге қарадым,Қарағаным –Күзге айналып барамын.Көкейіме маза бермей қойдыңдар,Әлі күнге бұл әлемде жоқ әнім. Қара жел кеп дәптеріме сіңеді,Тереземде саря аяздың сілемі.Бұтақтардан айрылмайды тырмысып,Жапырақтың талықсыған білегі.Көше кездім,Көрінбеді көктемдер,«Кімді іздедің?» - деп сұрады өткендер.Қар бетінде қалып қойған іздерден,Өлең оқып жүрген сынды кептерлер. Қар жауды ертең.Ізді жұтты көк пен жер.Нені ұғады бәрін көміп өткен жел.Менде де із жоқ –Сөкпес оны ешкім де,Кептерлермен бірге ұшып кеткен дер.