ВЕРНУТЬСЯ

Ақ жолыңды кескенмен талай құзғын кеп,Әз-Наурыз, сені ұстай алмады тізгіндеп.Серпіліп тұман, құрсаулар қалды қақырап,Той болып енді қиырдан жеттің бізді іздеп. Саумалдай лебің дүниені түгел аралап,Жер-Ана, міне, көрпесін жатыр жаңалап.Наурызым келді, күтеміз аппақ ниетпен –Бабадан қалып, жоғалмай жеткен аманат! Зіл бұлтты айдап, көңілімді келдің өсіре,Түледі тірлік, ілесіп уақыт көшіне.Айдай аспаным арай күніммен зерленді,Наурызым келді, жерге – құт, елге – несібе. Өзіңді күтіп, күллі әлем бүгін тұр қарап,Жарқыра наурыз, сәулелі мың сан нұр тарап.Жаңа жыл- сенсің, дүниені қайта жаңғыртқан,Жыл басы- сенсің, басталмаса да күнпарақ. Шапағатыңмен табиғат қайта көгерер,Сен қуат берсең, қиындықтарды жеңеді ел.Жақсылығың мен тоқшылығыңды қанат қып,Наурызым менің, айналып жылда келе бер.                                                           1994.ж.  * * *                               ***Қош келдің, Наурыз, жаңа жыл –Арай күнімнің бастауы.Қарлығып қалып, әуелеп шыққанБабамның бейне дастаны! Сөгіліп төсі көкжиегімдіТұмшалап келген құрсаудың,Күлімдеп жерге қарайды бүгінҚазақтың сақи аспаны. Көктеме болып, көгімнен сонауЖеріме дәру тамып нұр,Көсіліп, міне, құшағын жайдыПейілім сынды алып қыр. Құба белдерден сүйінші сұрап,Торғайлар ұшты пыр-пырлап,Құбыладан ескен мақпалдай самалДауадай бойға дарып тұр.                                                                                                           Келгенде өзің қала мен дала,Дүниенің бәрі шат қандай!Қосылып алып, тыныштық үшінҰлы той жасап жатқандай! Бабамнан қалған ғұрыптың асылТізгіні тиіп қолыма,Жүрегім менің алғы күндергеМедет пен сүйеу тапқандай. Наурызым-мейір-шаттығым менің,Сазыңнан тайма жаңылып,Көктеме сайын күтейік сеніБәйшешек гүлмен сағынып. Қазақтың мынау байтақ даласыБозаң жусанын жамылып,Нәріңнен сенің бір түлеп қалсын,Бойдағы дерттен сауығып!..                               16.03.1996.                 ***       ***Жүйрік жылдың белгілі ғой тұрмасы,Келді Наурыз, келді, міне, жыл басы.Кәрлі қыспен қоштасуға асығарҚазағымның қашаннан ол мұңдасы. Наурыз келді, шұғыла бөккен реңі,Жан иесінің бұл айды хақ сүйері.Жаңа ғана бүршік атқан тірліктіңМаңдайынан күннің нұры сүйеді. Наурыз келді, түрлене ме әз-далам?Шіркін, жаңбыр жауар ма екен аздаған.Аруана-қыр алауласа күні ертең,Менің жаным бота болар боздаған. Құс әніне толып кетті бау, дала,Көктем лебі сезіледі қайда да.Кәрі терек дәурені өткен қарт сындыСамал желге бас изейді жай ғана. Наурыз келді, жыл есебін бастады,Мәре-сәре тойлап жатыр жас-кәрі.Тойлап жатыр, ал төбеден мөлдірепҚарайды кеп туған елдің аспаны!