ВЕРНУТЬСЯ

      Жаз бойы дамыл көрмеген 
Құмырсқалар қауымы.
Айнымайды
көмбеден
Шошақ төбе ауылы.
Тасымаған, термеген
Нәрсесі жоқ
арқалап,
Толып кеткен көр-жермен
Салған үйі
қат-қабат.
Ол үйінің қыста көр
Берекесін, берігін.
Кілең бәрі қыпша
бел
Әйелі кім, ері
кім?
Біле алмайсың жырақта
Жатқан өмір жүйесін.
Бар секілді бірақ
та
Әйтеуір бір
үйлесім.
Еркек, әйел жоқ
болса,
Өсіп-өну мүмкін
бе?
Қуат берген көп
сонша
Кіп-кішкентай
шіркінге.
Көп айтқанша
бірлікті
Ағайынға,
жолдасқа.
Осыларша бір мықты
Байлам тапсақ, болмас па?!
* * *
Менің балам қырықта, 
Сенің балаң
қырықта,
Өсіп жатыр әйтеуір
Астанада туып та.
Енді елуде ер жасы,
Байқа сөздің мәнісін
Жерлестіктің
мағынасы
Өзгермесе,
неғылсын...
Тасығанмен ауылдан
Қала көнбес
ырқына,-
Ескілікпен
ауырған
Есіл туыс
жұртына.
Болашағы жоқ нәрсе,
Бола тұрсын дегенмен.
Сол бір ұғым өзгерсе,
Дәл бүгін де
көнем мен.