ВЕРНУТЬСЯ

       Аманат кып тапсырған маған бабам,

Қайда жүрсем асықтым саған,

далам.

Алып ұшып армандай Москваға,

Мен кеше ұшып келгем Гаванадан.

Достар қайда
қарсы алған,

іздеп келген,

Көктем, жаз, қыс,

менімен күзді өткерген.

Сені көрдім қырғыздың поезында,

Көгілдір вагондары тізбектелген.

Қара көз еркелесе

ағасына,

Ағасы қарамайды

шамасына.

Көздерің түбі терең

қара су ғой,

Сол судың жете алмадым

жағасына.

Бір тамшы жанарымда

шыр айналды,

Дүние бірер сәтке

сынай қалды.

Сенен артық емесін

сезіндім мен,

Арулар,

құдай еткен құдайларды.

Айналам түбі терең

сыр аңғарды,

Денімнің саулығына

күмәнданды.

Құдайлар қоштасарда

не істеді екен,

Ал менің көзім алды

тұманданды.

Бір тамшы жанарымнан шыр айналып,

Жоқ болды көк кілемге құлай барып...

...Қырық жыл бұрын,

мендей куйіп-жанған,

Күйші ағам сыртқа қарап тұр ойланып.

Уақыт-желдің

қашанда өтінде
едік,

Өтінде едік,

оған біз өкінбедік.

Поездың дөңгелегі

дүрсілдейді,

Менің асау жүрегім секілденіп.

Айтатұғын кез сырды халыққа ашық,

Жүрек өртер ойларым,

жарыққа шық.

Қайран поезд не сезсін,

мені сенен

Бара жатты алысқа алып қашып.

1989 ж.