ВЕРНУТЬСЯ

Ішімде де ақ боран,Сыртымда да ақ боран.Көңіл-бұлақ ақ табан,Ол да қатып тоқтаған.Үсіп өлді үмітім,бір жаз бойы сақтаған. Қарға батып дәрменім,Мұзға қатып дәуренім,Кәрі қысты тұр-тұрлап,Оята алмай әуремін,Шаңқай жаздан адасып,Жүрген жалғыз сәуле едім. Қыс пен жазды жалға тіл,Көктеміңе бар батыл.Жасыл-желек қай жақта?Мұнда  тау да, тал да тұл,Өлеңдерде ақ қырау,Ой ұшында қар жатыр.