ВЕРНУТЬСЯ

(Айтберген Жаңбыршы шығарған әні бар) Сері едім, қамсыз жүрген салқам едім,Сен – мені табындырған қалқам едің!..Жаным-ау елжіреген жүрек сөзін –Өзіңе жеткізе алмай, шаршап едім!..         Қайырмасы:Түсінбедің! Түсінбедің!Мен қазір жанған оттың ішіндемін!..Сезесің бе?.. Сенесің бе?..Мәңгіге қалып қойдың сен есімде!.. Кім ұқсын аңыраған әнші жайын!..Мен де бір жарты жүрек, жалқы қайың.Өзіңді сүйген едім, күйген едім –Қол жетпес аспандағы алтын айым!..         Қайырмасы:Өмірдің бір жүзбедік өзенінде,Білмеймін енді сені көремін бе?..Жаным-ау су тамызып кетсеңші бір –Мәңгілік махаббатқа шөл ерінге!..         Қайырмасы:                                        2000 ж.