ВЕРНУТЬСЯ

               (Баллада)Бұрынғы тірлігі жоқ сабылысқан,Баяғы жастығы жоқ алып-ұшқан!..Ой жейді көкірегін – кәрі мыстан,Жүрегі күйіп кеткен сағыныштан!.. Қу жаны өткен талай жарылыстан!..Сүлдері аман шықты тағы қыстан!..Бір үйде қартайғанда жалғыз қалып-Жан еді тілерсегі шалынысқан... ...Жасында жүрер еді теңіз кешіп,Балықшы достарымен ерулесіп...Сүйретіп бекірені керілдесіп,Жағадан балық асар жер іздесіп... Сол күндер қиялда енді ұшырасып,Барады кәріліктің мысы басып!..Сүйегін суық алған бейшараныңТұрады теңіз десе – құты қашып!.. ...Әнебір ақ орамал тартқан әйел –Бақыттың қызығына батқан әйел!..Жетектеп бара жатыр балаларын –Теңіздің ақ самалы жаққан әйел!..Барады еске салып бал күндерін,Тарылтып одан бетер шалдың демін...Арқасы – тілеп отыр күн қызуын,Жақтырмай салқын теңіз, таудың желін. Қош айтып он жыл бұрын жан -жарына,Құдайдың көніп едің салғанына!..Ұзамай жалғыз ұлын теңіз жұтып,Қарауды қойып алды жан-жағына!.. Теңізді содан бері жек көреді,Түсінде өлген ұлын көп көреді...«Жағаға шығар мені!» - деген үніОянса – кеудесіне кептеледі!..» Неткен бұл судан сұйық өмір еді!..Сықылды қара-құрым төңірегі!Түндерде әсіресе ай қараңғыҚу теңіз - мола болып көрінеді!..Тағдыры - жылы шырай танытпаған,Күні жоқ өзгелердей шалықтаған...«Сүйегін көрсем ұлдың» деген үміт –Жойқынның жағасына қазықтаған!.. Теңіздің күні батып, түн келеді...Жалқы жан қоңырайып, үндемеді...Апырай, қайтер екен күзге жетсе?..Сорлының түрі мынау шілдедегі!.. Қобызын күңірентіп жел тартады,Саусағы жетім шалдың кем тартады...Түсінде жүреді ылғи суға кетіп,Шамасы, қарияны – жер тартады!..                                                       2003 ж.