ВЕРНУТЬСЯ

Ақын ем киелі құс – қу секілді!..Бос қуыс - өткен ғұмыр құр секілді!..Желбіреп кете алмадым Ту секілді!..Жарқырап бір шықпадым Күн секілді!.. Арманым – таусылмайтын мұң секілді,Жігерім – шашылады құм секілді.Аспан-жер – мағынасыз шу секілді,Күндерім – бетіне аққан су секілді!.. Тапқаным – берекесіз пұл секілді,Оны да біреу ұрлап жүр секілді!..Баққаным – қайыры жоқ ұл секілді,Татқаным, тамақ емес, у секілді!.. Заманым – ұстатпайтын сұм секілді,Сол сұмға біздің ерік құл секілді!..Көңілі бұл қазақтың кір секілді –Тағдыры жар басында тұр секілді!.. Қатарға басы жарты ұрпақ келді –Мәлімсіз не істейтіні – жын секілді!..«Бақсының моласындай жалғыз қалдық! –Айтқаны Абай шалдың шын секілді!..                        Қыркүйек – 2004